Жазба туралы мәлiмет
p Мәсiх Исаның шәкiртi және елшiсi Жохан бұл хатты б.з. 85-95 жылдары аралығында жазды. Сол кезде мәсiхшiлер қауымдарына «Бiлiмпаздық» (гностицизм) деп аталатын қате iлiм ене бастаған едi. Оны уағыздаушылар Мәсiх шынымен адам болып дүниеге келмеген және адамзат үшiн өлмеген деген қате пiкiрлер ұстанды (4:2-3,9-10). Олар заттық нәрсе жаман, тек рух қана Құдайдiкi, әрi адам өмiрiнiң тәндiк жағы емес, рухани жағы ғана маңызды деп ойлады. Мұндай iлiмдердiң көптеген жақтаушылары айрықша күнәлы өмiр сүрсе, басқалары өз денелерiн аса қатаң тәртiппен билейтiн.
Сол қате тағылымдардың зияндылығын қарт елшi Жохан терең түсiнiп, бүгiнгi Түркияда орналасқан Азия аймағындағы бiрнеше қауымдарға осы сәлемхатын жолдады. Онда ол Иемiздiң шынайы iлiмi мен сол жалған iлiмдердiң арасындағы айырмашылықтарды көрсеттi. Өзi де, басқа елшiлер де Құтқарушы Иемiзден өз көздерiмен көрiп, естiгендерiн айтып бердi де, шындығына куә болып, соның жолында жандарын қиды. Сондықтан да олардың айтқандарына сенуге болады.
Жохан сәлемхатын жолдап отырғандарды ерекше жылылықпен «балаларым» деп атады. Себебi олардың көпшiлiгi оның уағыздау қызметiнiң арқасында рухани өмiрге ие болған не рухани жетiлуге көмек алған едi.
Құдаймен байланыста болуларың үшiн «Құдай Сөзiн» бiлдiремiз
1Әуел баста Ол бар болатын. Бiз Оны естiп, көзiмiзбен көрiп, анықтап қарап, қол тигiздiк. Ол — шынайы өмiр сыйлайтын «Сөз». Сендерге Сол туралы айтып беремiз,
2себебi Өмiр бiзге келдi; осы мәңгiлiк Өмiрдi көрдiк те, ендi Оған куә болып, сендерге таныстырамыз. Ол Әкемен бiрге болатын, көктен жерге түсiп, бiзге көрiндi.
3Сендер бiзбен байланыста болсын деп, өзiмiз көрiп, естiгенiмiз туралы хабар берiп отырмыз. Осылай бәрiмiз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсiхпен байланыстамыз.
4Сендерге осыны ортақ қуанышымыздың толығынан болуы үшiн жазып отырмыз.
Құдайдың нұрында тұрып таза өмiр сүру туралы
5Бiз Мәсiхтен естiп, сендерге бiлдiрiп отырған хабар мынау: Құдай — Нұр, Оның iшiнде ешқандай түнек жоқ.
6Егер бiз Құдаймен байланыстамыз дей тұра, түнекте жүрсек, өтiрiкшi боламыз да, өмiрiмiз шындыққа сай болмай қалады.
7Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгiлген қаны бiздi барлық күнәларымыздан тазартады.
8Егер күнәсызбыз десек, онда өзiмiздi алдап, бiзде шындықтың болмағаны.
9Егерде күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенiмдi де әдiлеттi болғандықтан оларды кешiрiп, бiздi барлық әдiлетсiздiгiмiзден тазартады.
10Ал егер еш күнә жасаған жоқпыз десек, Құдайды өтiрiкшi етiп көрсетемiз, әрi Оның сөзi жан дүниемiзден орын алмағаны.
1Балаларым менiң, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер бiреуiң күнә жасап қойсаң, Әкенiң алдында әдiл Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсiх.
2Ол өз жанын құрбан етiп, күнәларымыздың құнын өтедi. ұзiмiздiң ғана емес, сондай-ақ бүкiл адамзаттың да күнәларының құнын төледi.
Бауырластарын сүйгендер ғана Құдайды шын бiледi
3Егер Құдайдың өсиеттерiн орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды бiлемiз.
4Құдайды танимын дей тұра, Оның өсиеттерiн орындамайтын кiсi — өтiрiкшi, соның жан дүниесiнен шындық орын алған жоқ.
5Құдайға деген сүйiспеншiлiк Оның сөзiн орындаған кiсiде шын мәнiнде толық болып, мақсатына жеттi. Құдаймен тығыз байланыста екенiмiздi мынаған қарап бiлемiз:
6Онымен қатынаста тұрмын дейтiн кiсi Иса Мәсiх қалай өмiр сүрген болса, солай өмiр сүруге тиiс.
7Сүйiктi бауырластарым, сендерге жазып отырғаным жаңа өсиет емес, өздерiңе бастапқыдан белгiлi көне өсиет. Осы көне өсиет — сендер Исаға сене бастаған сәтте-ақ естiген хабарларың.
8Дегенмен сендерге жаңа өсиет те жазып отырмын: ол бұрын Мәсiхтiң өмiрiнде, қазiр сендердiң өмiрлерiңде iске асуда. Себебi түнек түрiлiп, шынайы жарық нұрын шашып келе жатыр.
9Нұрда жүрмiн дей тұра, бауырласын жек көретiн кiсi әлi де түнекте жүр.
10Ал бауырласын жақсы көрген әркiм нұрда жүрiп, азғырылуға түспейдi де, өзгенi азғырмайды да.
11Бауырласын жек көретiннiң жүрiс-тұрысы түнекте, ол қайда кетiп бара жатқанын бiлмейдi. Себебi түнек оның жан дүниесiн соқыр қылып қойған.
Құдайды бiлгендер, күнәкардай емес, Iзгi хабарға сай өмiр сүрiңдер!
12Балаларым менiң, Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешiрiлгендiктен сендерге осыны жазып отырмын.
13Рухани жағынан әке болғандар, өздерiңе осыны жазып отырмын, себебi сендер әуел баста бар болған Мәсiхтi бiлесiңдер.
Рухани жағынан жастар, өздерiңе осыны жазып отырмын, себебi сендер әзәзiлдi жеңiп шықтыңдар.
Рухани жағынан балалар, өздерiңе осыны жаздым, өйткенi сендер көктегi Әкенi бiлесiңдер.
14Әке болғандар, өздерiңе осыны жаздым, себебi сендер әуел баста бар болған Мәсiхтi бiлесiңдер.
Жастар, өздерiңе осыны жаздым, өйткенi сендер күштiсiңдер, Құдай сөзi жан дүниелерiңнен орын алып, әзәзiлдi жеңiп шықтыңдар.
15Осы күнәкар дүниенi және ондағы еш нәрсенi сүймеңдер! Осы дүниенi сүйгендердiң көктегi Әкеге сүйiспеншiлiгi жоқ.
16Себебi осы дүниеге тән нәрселердiң бәрi: күнәкар адамның құмарлықтары, көзiнiң қомағайлығы, мал-мүлiкке мастануы Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.
17Ал осы дүние мен оның ләззаты өткiншi, ал Құдайдың еркiн орындаушы мәңгi өмiр сүредi.
Жалған уағызшылардан сақтаныңдар!
18Балаларым менiң, қазiргi уақыт — осы заманның соңғы дәуiрi. Сендер Мәсiхке қарсы шығатын бiреу келедi деп естiдiңдер, ал қазiрдiң өзiнде де Мәсiхке қарсы шығатын адамдар көп. Бiз осыдан-ақ соңғы дәуiрдiң келгенiн бiле аламыз.
19Олар ортамыздан шықса да, бiздiкi болған жоқ, өйткенi егер бiздiкi болса, бiзбен бiрге қалар едi. Бұлардың бәрiнiң бiздiкi болмағандықтары осылайша бiлiнiп қалды.
20Сендерге Киелi Рух қонғандықтан барлығын ажырата бiлесiңдер.
21Сендер шынайы iлiмдi бiлмегендiктен емес, қайта, оны бiлiп, шындықтан өтiрiк тумайтынын да ұққандарыңа бола жазып отырмын.
22Исаның Құдай жiберген Мәсiх екендiгiн мойындамаушы — өтiрiкшi. Көктегi Әкенi және Оның рухани Ұлын мойындамайтындар — Мәсiхке қарсы шығушылар.
23Кiм Ұлды мойындамаса, оның Әкеге қатысы жоқ. Ал кiм Ұлды мойындаса, соның Әкеге де қатысы болады.
24Сондықтан бастапқыдан естiген шынайы iлiмдi ұстаныңдар! Егер осылай iстесеңдер, онда Ұлмен және Әкемен тығыз байланыста өмiр сүресiңдер.
25Ал Құдайдың бiзге берген уәдесi — мәңгiлiк өмiр.
26Осыны дұрыс жолдан азғырушылардан сақтандыру үшiн жазып отырмын.
27Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелi Рух өздерiңде қалады, сондықтан сендерге жаңа iлiм үйрететiн бiреудiң қажетi жоқ, себебi қажеттiлердiң бәрiн де Киелi Рух үйретедi. Оның сендерге үйреткендерi еш өтiрiксiз, шынайы, сондықтан Киелi Рухтың үйреткенi бойынша әрекет ете берiңдер.
Рухани балаларына деген Құдайдың сүйiспеншiлiгi
28Ал ендi, балаларым менiң, Мәсiхпен тығыз байланыста қала берiңдер! Сонда Ол қайтып келгенде нық сенiмiмiз болып, Оның алдында ұятқа қалмаймыз.
29Құдайдың әдiл екенiн бiлесiңдер, сондықтан әдiлдiк iстейтiн әркiмнiң рухани мағынада Құдайдан туғанын ұғасыңдар.
1Қараңдар, кенiң бiзге деген сүйiспеншiлiгi қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да! Күнәкар дүние кiм екенiмiздi бiлмейдi, себебi ол Құдайды бiлген жоқ.
2Сүйiктi бауырластарым, қазiр Құдайдың балаларымыз, бiрақ кiм болатынымыз әлi анық емес. Ал Мәсiх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды бiлемiз, себебi сол кезде Оның шынымен қандай екенiн көремiз.
3Оған осындай үмiт артқан әркiм Мәсiхтiң кiршiксiз таза болғанындай, өзi де күнәдан арылып, тазарады.
4Күнә жасаған әркiмнiң Құдай заңын бұзғаны, себебi күнә — Құдай заңын бұзғандық.
5Ал Мәсiхтiң күнәларымызды алып тастауға келгенiн және Өзiнiң ешқандай күнә жасамағанын бiлесiңдер.
6Сондықтан кiм Мәсiхпен тығыз байланыста тұрса, сол күнә жасамайды. Күнә жасайтын әркiм Оны көрген де, таныған да емес.
7Балаларым менiң, сендердi ешкiм де күнә жасауға азғырмасын! Әдiлдiк iстеушi адам Мәсiхтiң Өзi сияқты әдiл болады.
8Ал кiм күнә жасай берсе, сол шайтанның баласы, себебi шайтан әлем жаратылғаннан берi күнә жасап келедi. Бiрақ Құдайдың рухани Ұлы бұл дүниеге шайтанның iсiн талқандау үшiн келдi.
9Рухани мағынада Құдайдан туған әркiм күнә жасай бермейдi, себебi оның бойында Құдай берген жаңа өмiр қалады; осылайша ол Құдайдан туғандықтан күнә жасауын жалғастыра алмайды.
10Құдайдың рухани балаларын шайтанның адамдарынан мынадан ажыратуға болады: әдiл өмiр сүрмейтiн, әсiресе бауырласын сүймейтiн, әркiм Құдайдың рухани баласы емес.
Шынайы сүйiспеншiлiк пен нық сенiм
11Сендер бастапқыда естiген хабар мынау:
12бiр-бiрiмiздi сүюiмiз керек! Iнiсiн ұрып өлтiрген шайтанның адамы Қабылға ұқсамаңдар! Оны неге ұрып өлтiрдi? Өйткенi өз iс-әрекетi әдiлетсiз, ал iнiсiнiкi әдiлеттi болатын.
13Сонымен күнәкар дүние сендердi жек көрсе, бұған таңғалмаңдар, бауырластарым!
14Өзiмiздiң рухани өлiлерден тiрiлерге айналғанымызды бiлемiз, себебi бауырластарымызды сүйемiз. Бауырласын сүймейтiн адам өлi болып қала бередi.
15Бауырласын жек көрген әркiм — кiсi өлтiрушi! Ал мынаны бiлесiңдер: кiсi өлтiрушiнiң мәңгiлiк өмiрi жоқ.
16Иса Мәсiхтiң өз өмiрiн бiз үшiн қиғандығы арқылы нағыз сүйiспеншiлiктiң не екенiне көзiмiз жеттi. Бiз де бауырластарымыз үшiн жанымызды қиюға даяр болуымыз керек.
17Ал егер осы дүниелiк мал-мүлкi бар бiреу басына қиыншылық түскен бауырласына тас жүректiк танытса, оның бойында Құдайдың сүйiспеншiлiгi бар ма?!
18Балаларым менiң, сөз жүзiнде емес, iс жүзiнде шынайы сүйiспеншiлiк бiлдiрейiк.
19Сөйтiп өзiмiздiң шынайы жолда екендiгiмiздi бiлiп, Құдай алдында жүрегiмiз орнығады.
20Себебi егер жүрегiмiз бiздi айыптаса да, Құдай жүрегiмiзден жоғары ғой, Ол бәрiн де бiледi.
21Сүйiктi бауырластарым, жүрегiмiз бiздi айыптамағанда Құдай алдында нық сенiмiмiз болады және
22Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткенi Тәңiрдiң өсиеттерiн орындап, Ол не қаласа, соны iстеймiз.
23Ал Құдайдың өсиеттерi мынау: Оның рухани Ұлы Иса Мәсiхке сенiп, бiр-бiрiмiздi сүюiмiз керек.
24Кiм Оның өсиеттерiн орындаса, ол Құдаймен және Құдай онымен тығыз байланыста тұрады. Құдайдың бiзбен тығыз байланыста екенiн Оның бiзге сыйлаған Киелi Рухы арқылы бiлемiз.
Рухтарды ажырата бiлу
1Сүйiктi бауырластарым, кез келген рухтарға сене бермеңдер, олар Құдайдан келген бе, жоқ па — алдымен соны анықтаңдар! Өйткенi көптеген жалған пайғамбарлар жер жүзiне тарады.
2Құдайдың Рухын мынаған қарап ажырата бiлесiңдер: Құдайдан шыққан Рух Иса Мәсiхтiң адам бейнесiнде көктен келгенiн мойындайды.
3Ал Иса Мәсiхтiң адам болып келгенiн мойындамайтын әрбiр рух Құдайдан емес, керiсiнше, ол — Мәсiхке қарсы шығушының рухы. Сендер соның келетiнiн естiдiңдер, ол қазiрдiң өзiнде-ақ дүниеде жүр.
4Ал, балаларым менiң, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңiп шықтыңдар. Өйткенi сендердегi Киелi Рух күнәкар дүниенi билеп тұрған шайтаннан құдiреттi.
5Жалған пайғамбарлар күнәкар дүниеден болғандықтан осы дүниелiк тұрғыдан сөйлеп, дүниенiң адамдары оларға ден қояды.
6Бiз Құдайданбыз; Оны танитындар бiзге ден қояды, ал Құдайдан еместер бiзге ден қоймайды. Шындықты сөйлейтiн Рух пен алдамшы рухты осы арқылы ажырата аламыз.
Құдайдың сүйiспеншiлiгi және бiздiң өзгелердi сүюiмiз
7Сүйiктi бауырластарым, бiр-бiрiмiздi сүйейiк! Себебi сүйiспеншiлiк Құдайдан; сүйетiн адам — Құдайдың баласы, ол Құдайды бiледi.
8Сүймейтiн кiсi Құдайды бiлмейдi, өйткенi Құдай — сүйiспеншiлiк.
9Құдай бiзге деген сүйiспеншiлiгiн былай көрсеттi: Сол арқылы шынайы өмiр сүруiмiз үшiн Құдай Өзiнiң жалғыз рухани Ұлын дүниеге жiбердi.
10Бұл сүйiспеншiлiктiң мәнiсi мынада: Құдайды сүйген бiз емес, қайта, Ол бiздi сүйгендiктен, құрбандығы арқылы күнәмыздың құнын өтеу үшiн рухани Ұлын жiбердi.
11Сүйiктi бауырластарым, Құдай бiздi осылайша сүйгендiктен, бiз де бiр-бiрiмiздi сүюiмiз керек.
12Құдайды ешкiм еш уақытта көзiмен көрген емес; алайда бiр-бiрiмiздi сүйсек, онда Құдай жан дүниемiзден орын алып, Оның сүйiспеншiлiгi бойымызда әбден толысып, мақсатына жеткенi.
13Құдай бiзге Өзiнiң Рухынан бердi, бiздiң Онымен, Оның бiзбен тығыз байланыста екендiгiмiздi осыдан бiлемiз.
14Әкенiң Өзiнiң рухани Ұлын дүниеге Құтқарушы ретiнде жiбергенiн бiз өз көзiмiзбен көрдiк, соған куә болып келемiз.
15Кiм Исаны Құдайдың рухани Ұлы деп мойындаса, Құдай онымен, ол да Құдаймен тығыз байланыста тұрады.
16Бiз Құдайдың өзiмiзге деген сүйiспеншiлiгiн бiлiп, Оған нық сенемiз. Құдай — сүйiспеншiлiк. Сол себептен, кiм Оның сүйiспеншiлiгiне сай әрекет ете берсе, ол Құдаймен, Құдай да онымен тығыз қатынаста тұрады.
17Мәсiхтiң осы дүниеде қалай өмiр сүргенiндей өмiр сүрсек, онда Құдайдың сүйiспеншiлiгi бойымызда әбден толысып, мақсатына жетедi, осылай қиямет сотында нық сенiмдi боламыз.
18Сүйiспеншiлiкте қорқыныш жоқ. Шынайы сүйiспеншiлiк қорқынышты жолатпайды, себебi қорқыныш жазаға байланысты. Қорқатын кiсiде сүйiспеншiлiк мақсатына жеткен емес.
19Бiз сүйемiз, себебi Ол бiздi алдымен сүйдi.
20Бiреу: «Құдайды сүйемiн», — дей тұра, бауырласын жек көрсе, оның өтiрiкшi болғаны. Себебi көз алдындағы бауырласын сүймейтiн кiсi көзге көрiнбейтiн Құдайды қалай сүйе алады?
21Одан алған өсиетiмiз мынау: Құдайды сүйетiн кiсi бауырласын да сүюге тиiс!
Сенiм мен сүйiспеншiлiктiң жеңiмпаздығы
1Исаны Мәсiх деп сенетiн әркiм — Құдайдың рухани баласы. Әкенi сүйетiндер Оның балаларын да сүйедi.
2Рухани балаларын сүйетiнiмiздi Құдайды сүйiп, Оның өсиеттерiн орындауымыздан бiлемiз.
3Ал өсиеттерiн орындағанымыз — Құдайды сүйгенiмiз; оларды орындау қиын емес.
4Өйткенi күнәкар дүниенi Құдайдың рухани балалары жеңедi. Дүниенi жеңген күш — бiздiң сенiмiмiз.
5Кiм күнәкар дүниенi жеңе алады? Исаны Құдайдың рухани Ұлы деп сенген кiсi ғана.
Мәсiхтiң адамзатты құтқаруға келгендiгiн Киелi Рух растайды
6Иса Мәсiх бiзге келгенде сумен шомылдыру рәсiмiн де, жанын қиып, қанын төгудi де басынан өткiздi. Ол келгенде тек сумен шомылдыру рәсiмiнен өтiп қана қойған жоқ, жанын қиып, қанын төктi де. Киелi Рух бұған куә, себебi Киелi Рух — шындық.
7Сонымен куә болатындар үшеу:
8Киелi Рух, су және қан; бұл Үшеуiнiң айғақтығы бiрдей.
9Адамдардың куәлiгiн қабылдап жүрмiз. Ал Құдайдың куәлiгi адамдiкiнен гөрi салмақтырақ; сондықтан Құдайдың Өзiнiң рухани Ұлы жайында берген куәлiгiне сенуге тиiспiз.
10Оның рухани Ұлына сенген кiсiнiң жүрегiнде Құдайдың куәлiгi жүредi. Ал Құдайға сенбеген кiсi Оны өтiрiкшi етiп көрсетедi, себебi ол Құдайдың Өзiнiң рухани Ұлы туралы берген куәлiгiне сенбейдi.
11Бұл куәлiктiң мәнiсi мынадай: Құдай бiзге мәңгiлiк өмiр сыйлады, осы өмiр Оның рухани Ұлында.
12Құдайдың рухани Ұлымен байланысы бар адам шынайы өмiрге ие, ал Онымен байланысы жоқта шынайы өмiр де жоқ.
Құдаймен тығыз байланыстағы мәңгiлiк өмiр
13Сендер Құдайдың рухани Ұлына сенгендiктен мәңгiлiк өмiрге иесiңдер. Оған сенiм артқан сендердiң соны бiлулерiң үшiн бұларды жазып отырмын.
14Бiз Оның еркiне сай бiр нәрсе сұрасақ, Құдай тiлегiмiзге құлақ салады деп кәмiл сенемiз.
15Не сұрасақ та, Құдай бiзге құлақ салады деп бiлсек, Оның тiлегенiмiздi беретiнiн де бiлемiз.
16Бауырласының өлiмге апармайтын күнә жасап жатқанын көрген кiсi ол үшiн Тәңiрге сиынсын. Сонда күнә жасағанның өмiрi сақталады. Алайда өлiмге апаратын күнә да бар. Тәңiрге сиынсын дегенде ондай күнә туралы айтып отырған жоқпын.
17Әдiлетсiздiктiң бәрi — күнә, ал өлiмге апармайтын күнә да бар.
Қорытынды
18Мынаны бiлемiз: кiм Құдайдың рухани баласы болса, сол күнә жасай бермейдi. Құдайдың рухани Ұлы оны сақтағандықтан, шайтан оған тиiсе алмайды.
19Бiз Құдайданбыз, бiрақ бүкiл дүниеге шайтан билiгiн жүргiзiп отыр, бұны бiлемiз.
20Құдайдың рухани Ұлының келгенiн де бiлемiз; бiздiң шынайы Құдаймен танысуымыз үшiн Ол көзiмiздi ашты. Сондықтан шынайы Құдаймен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсiхпен байланыстамыз; Ол — шынайы Құдай және мәңгiлiк өмiр.
21Балаларым менiң, жалған тәңiрлерден сақ болыңдар!