0


Жазба туралы мәлiмет

Даниял пайғамбар Яһуда (яки Оңтүстiк Исраил) патшалығындағы ақсүйек әулетiнен шыққан болатын. Даниялдың жас кезiнде жау әскерi елдiң астанасы Иерусалимге бас салып, тұрғындарының көбiн шамамен бiр жарым мың шақырым қашықтықтағы Бабыл елiне айдап алып кеттi. Осы бақытсыздық Исраил халқының басына б.з.д. 605 ж. түстi.

Құлдыққа түскен Даниял мен оның үш серiгiне Бабыл патшасының уәзiрi жаңа ат қойып, оларды халдей және ежелгi халықтардың тiлдерi мен әдебиеттерiн оқып, патшаға қызмет етуге мiндеттедi. Төрт жасөспiрiм Құдайға адал болуға бел байлап, сол шешiмдерiнен қиын-қыстау кезеңдерде де таймады.

Құдай осы сенiмдi қызметшiлерiн өзiнiң керемет құдiретiмен құтқарып алған соң, бұған куә болған күштi патшалар соны ашық мойындап, бұл туралы қол астындағы барлық елдерге жариялатып паш еттi. Сол халықтардың арасында Оңтүстiк Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген көшпелi сақ тайпаларының бiрқатары да болды. Сақтар қазақ халқының түп аталарының бiр бөлiгi болып саналады. Алтын сауыты табылған танымал «алтын адам» — сол дәуiрде өмiр сүрген сақ патшасы.

Құдай Тағала төрт жасөспiрiмге сарайдағы қызметтерi үшiн ерекше ақыл-парасат, ал Даниялға оған қоса түс жоритын дарынды да сыйлады. Даниял жоғары мәртебелi қызметкер болып, парсы патшасы Кирдiң яки Дарийдiң тұсында оның бас уәзiрi болып тағайындалды. Даниял пайғамбар көрген аяндарында Құдайдың еркiмен үлкен патшалықтардың бiрiнен соң бiрiнiң аса күшейiп, қайтадан құлдырайтыны туралы мәлiметтер алды. Бұдан «Алла Тағаланың жер бетiндегi патшалықтарға үстемдiк жүргiзiп, билiктi қалаған кiсiсiне беретiнi» анық көрiнедi (5:21).

1

Қатты қуғын-сүргiн көрген Исраил халқын Өзiнiң белгiлеген уақыты келгенде құтқаратыны жайлы да Құдай сенушiлерге Даниял пайғамбар арқылы хабар жiбердi. Осылай оларды жiгерлендiрiп, төзiмдiлiк танытуға шақырды. Сенушiлер бұдан кейiн Құдай Тағала барлық халықтар үстiнен билiк құруға тағайындаған, «адам баласының кейпiндегi» Билеушiнiң ашық көрiнуiн күтетiн болды. Сол Билеушi, яғни Иса Мәсiх, алты ғасырдан кейiн керемет арқылы бұ дүниеге келдi. Даниялға астарлы мағыналы сандар арқылы берiлген мәлiмет Мәсiхтiң келетiн уақытын да алдын ала бiлдiрдi.

Даниял пайғамбардың жазбасы барлық замандардағы сенушiлердi қиын-қыстау кезде де мойымай Құдайға адал болып, Оның құтқаруын төзiмдiлiкпен күтуге жiгерлендiрiп келедi.

Бабылға жер аударылған жасөспiрiмдердiң сенiмдiлiгi


1Яһуда елiнде Жоакимнiң патшалық құрған үшiншi жылы* Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалим қаласына шабуыл жасап, оны қоршап алды.

2Сонда Яһуданың патшасы да, Құдайдың киелi үйiнен алынған бiрнеше ыдыстар да Тәңiр Иенiң еркiмен* Бабыл патшасының қолына түстi. Сол қасиеттi ыдыстарды патша Шинар аймағына** әкетiп, өзi табынатын жалған тәңiрлердiң ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды.

3Бабыл патшасы сондай-ақ өзiнiң сарай қызметкерлерiн басқаратын уәзiрi Ашпеназға исраилдiк патша әулетiнен және ақсүйектер тұқымынан шыққан бiрнеше жас өспiрiм балаларды Иерусалимнен алып келуге бұйырды.

4Бұлар ешбiр кемтарлығы жоқ, келбеттi, ғылымның бар жағынан да хабардар, парасатты да зерделi, әрi патша сарайында қызмет атқаруға қабiлеттi болуға және халдейлердiң тiлi мен әдебиетiн* үйренуге тиiстi едi.

5Патша оларға өз дастарқанындағы тамағы мен шарабынан күнделiктi үлес тағайындады. Сол жас өспiрiмдер үш жыл бойы тәлiм алғаннан кейiн патша оларды сарайындағы қызметке кiрiстiрмек болды.

6Яһуда руынан таңдап алынған жас өспiрiмдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел,* Азариях деген балалар бар едi.

7Уәзiр сол төртеуiнiң аттарын өзгертiп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдiнего деп жаңадан ат қойды.*

8Алайда Даниял патшаның тамағы мен шарабын iшiп-жеп өзiмдi арамдамаймын деген берiк шешiм қабылдаған болатын.* Сондықтан ол сарай қызметкерлерiн басқаратын жаңағы Ашпеназ уәзiрге осы туралы өтiнiш жасады.

9Құдай бұл уәзiрдiң жүрегiн жiбiтiп, оны Даниялға оң көзiмен қарайтын еттi.

10Сонымен уәзiрдiң Даниялға берген жауабы былай болды: «Мен патша иемнен қауiптенемiн. Iшiп-жейтiн тағамдарыңды тағайындаған оның өзi едi ғой. Егер сендердiң басқа балаларға қарағанда жүдеп бара жатқандарыңды байқап қалса, сендердiң кесiрлерiңнен менiң басым кетедi!»

11Сонда Даниял төртеуiнiң үстiнен қарауға уәзiр бекiткен қызметкерден былай деп өтiндi:

12«Тақсыр, бiзге он күн бойы жеуге тек адал тағамдар,* iшуге су ғана берiп сынап көрсеңiз екен.

13Содан кейiн бiздiң түрiмiз бен патша дастарқанынан iшiп-жеген басқа балалардың түрiн салыстырып көрiңiз. Әрi қарай бiзбен өз көзiңiзбен көргенiңiзге сай әрекет етерсiз, тақсыр.

14Қызметкер осыған келiсiп, оларды он күн сынайтын болды.

15Сол он күн өткен соң байқап қараса, бұл балалардың түрлерi патша дастарқанынан тамақтанған жастардың бәрiнен өңдiрек те толығырақ болып көрiндi.

16Оларды басқаратын қызметкер содан бастап патшаның берген тамағы мен шарабын былай қойып, оларға тек адал тағамдар беруiн жалғастыра бердi.

17Жаңағы төрт жас өспiрiмге Құдай бiлiм және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректiк сыйлады. Ал Даниял оның үстiне әр түрлi аяндар мен түстердiң мағынасын түсiнетiн ерекше дарынға да ие болды.

18Осылайша Набуходоносор патшаның белгiлеген мерзiмi аяқталып, уәзiр исраилдiк жас жiгiттердi патшаның алдына алып барды.

19Патша олармен сөйлескенде Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях төртеуiнiң барлық жағынан да басқалардан басым екендiгiн байқады. Сол себептi бұл төртеуi патшаға қызмет етуге кiрiстi.

20Патша олардан қандай мәселе туралы ақыл-кеңес сұрамасын, өзiнiң бүкiл патшалығындағы абыздары мен балгерлерiнен* гөрi олардың он есе бiлiмдiрек екендiгiн анықтады.

21Бұдан былай Даниял Кир патшаның Бабылға билiк құрған бiрiншi жылына* дейiн сол жерде қала бердi.

2

Бабыл патшасының түс көрiп, абыржуы


1Набуходоносор (Бабыл елiне) патшалық құрған екiншi жылы* қорқынышты түстер көрiп, соларды уайымдап,ұйқысынан айырылды.

2Содан ол түстерiнiң мазмұнын бiлiп алу үшiн елдегi абыздар, балгерлер, сиқыршылар мен жұлдызшыларды* шақыртты. Олар келiп, патшаның алдына жиналды.

3Патша оларға:

— Мен түс көрдiм, содан жаным тыншымай отыр. Түстiң мазмұнын бiлгiм келедi, — дедi.

4Жұлдызшылар патшаға арамей тiлiнде:*

— Уа, патша ағзам, мәңгi жасаңыз! Бiзге түсiңiздi айтып берiңiз, сонда оны сiзге жорып беремiз! — деп жауап қайтарды.

5Алайда патша:

— Жарлығым мынадай: егер маған көрген түсiмнiң мазмұны мен мағынасын айтып бермесеңдер, өздерiңдi кескiлеп өлтiртiп, үйлерiңдi жермен-жексен қылғызамын!

6Ал егер түсiмнiң мазмұны мен мағынасын айтып берсеңдер, мен сендерге көп сый-тартулар берiп, үлкен құрметке ие боласыңдар. Сондықтан маған түсiмдi және оның мағынасын айтып берiңдер! — деп бұйырды.

7Олар тағы да патшадан:

— Түсiңiздi бiзге айтып берсеңiз, оны сiзге жорып беремiз! — деп өтiндi.

8Бiрақ патшаның жауабы мынау болды:

— Сендердiң жай ғана уақытты созып тұрғандарыңды көрiп тұрмын. Менiң мынаны нық шешкенiмдi жақсы бiлесiңдер:

9егер түсiмдi айтып бермесеңдер, бәрiңе де бiрдей үкiм кесiледi. Ал сендер жағдай өзгергенше менi алдайтын жаман нәрселердi айтуға сөз байластыңдар. Сондықтан қандай түс көргенiмдi айтып берiңдер! Сонда сендердiң оны жори алатындарыңа да көз жеткiземiн. —

10Жұлдызшылар:

— Уа, патша ағзам, тапсырған бұл мәселеңiздi жер бетiндегi бiрде-бiр адам шешiп бере алмайды. Ешбiр патша, қандайұлы да құдiреттi болмасын, бiрде-бiр сәуегей, балгер, жұлдызшыдан бұрын-соңды мұндайды талап еткен емес!

11Уа, тақсыр, бұл тапсырмаңыз тым қиын. Түсiңiздi сiзге тәңiрлерден* өзге ешкiм де ашып бере алмайды, ал олар адамдардың арасында тұрмайды ғой! — деп жауап қайтарды.

12Осыны естiгенде патшаны ашу-ыза кернеп, Бабылдағы барлық бiлiмпаздардың көзiн құртуға бұйырды.

13-14 Патша осындай жарлық шығарғандықтан сақшылар iздеп тауып алып, өлтiру үшiн Бабылдың басқа бiлiмпаздарымен қатар Даниял мен оның серiктерiне де барды. Өлiм жазасын орындауға шыққан патша сақшыларының бастығы Ариоқ келгенде, Даниял онымен көрегендiкпен сөйлесiп:

15— Патша ағзам мұндай қатал жарлықты қандай себеппен шығарды екен? — деп сұрады. Сонда Ариоқ оның себебiн түсiндiрдi.

16Мұны естiсiмен Даниял сарайға барып, түсiнiң мағынасын айтып беру үшiн патшаның бiраз уақытқа мұрсат беруiн сұрады.

17Содан соң Даниял үйiне қайтып, болған жайтты серiктерi Хананиях, Мишаел, Азарияхқа баяндап:

18«Бабылдың қалған өзге бiлiмпаздарымен бiрге өзiмiздiң де құрып кетпеуiмiз үшiн көктегi Құдайдан* бұл құпияны рақымдылықпен ашып беруiн сұрайық!» — дедi.

19Бұдан кейiн осы құпияның шешiмi түнгi көрiнiспен Даниялға ашылды да. Сонда Даниял Құдайды мадақтап

20былай дедi:

«Құдайдың киелi Есiмi мәңгi-бақи мадақталсын! Ол бүкiл даналық пен құдiреттiң Иесi!

21Заман мен дәурен атаулыны өзгертетiн — Сол. Патшаларды тағайындайтын да, орнынан алатын да — Құдай. Ол даналарға даналық қосып, түсiнiгi барларға бiлiм сыйлайды.

22Құдайдың айналасында әрдайым нұр бар, Ол құпия да көмескi жайттарды ашып бередi, түнекте не бар екенiн де анық бiледi.

23Саған шүкiршiлiк айтып, Сенi мадақтаймын, уа, ата-бабаларым сиынған Құдай! Сен маған даналық пен құдiрет сыйлап, сұрағанымызды ашып берiп, патшаның түсiн бiзге бiлдiрдiң!»

Даниялдың түстiң мағынасын түсiндiруi


24Сонымен Даниял Набуходоносор патшаның Бабылдың бiлiмпаздарын өлтiруге жiберген нөкерi Ариоққа барып: «Бабылдың бiлiмпаздарын өлтiрмей, менi патшаның алдына алып барсаңыз екен. Оған көрген түсiнiң мағынасын айтып беремiн!» — деп өтiнiш жасады.

25Ариоқ Даниялды бiрден патшаның алдына алып барып:

— Тақсыр, мен Яһудадан жер аударылып келгендердiң арасынан сiздiң түсiңiздi жорып бере алатын адамды тауып алып келдiм! — деп баяндады.

26Сонда патша Балташазар деп аталған Даниялдан:

— Сен шынымен түсiмде не көргенiмдi айтып, оның мағынасын түсiндiре аласың ба? — деп сұрады.

27Даниял патшаға былай жауап бердi:

— Ешқандай бiлiмпаз, балгер, сәуегей не сиқыршы сiзге өзiңiз айтып отырған құпияны түсiндiрiп бере алмайды.

28Бiрақ көктегi Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегi Құдай сiзге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсiңiзде көрген аяндарыңыз мыналар:

29Демалып жатқан кезде болашақ туралы ойлай бастадыңыз, уа, патша ағзам. Сонда барлық құпияларды аша алатын Құдай сiзге келешекте болатын оқиғаларды бiлдiрдi.

30Алайда менiң басқа пенделерден ақылды болғандығымнан емес, сiзге түстiң мағынасын бiлдiрiп, санаңызғаұялаған сол ойларды түсiндiрiп беруiм үшiн бұл құпия маған ашылды.

31Тақсыр, түсiңiзде көргенiңiз — алдыңызда тұрған бiр дәу мүсiн* екен. Ол жарқ-жұрқ еткен, биiк, сырт көрiнiсi қорқынышты едi.

32Мүсiннiң басы саф алтын, көкiрегi мен қолдары күмiс, iшi мен екi саны қола,

33екi балтыры темiр, аяғының қалған бөлiгi жартылай темiр, жартылай қыш екен.

34Сiз мүсiнге қарап тұрған кезде бiр дәу тас жартастан қашалып жасалды. Мұны жасаған адам баласы емес едi. Сол дәу тас мүсiннiң жартылай темiр, жартылай қыш аяқтарына келiп соғылып, оларды қиратып тастады.*

35Сонда мүсiннiң темiрi, қышы, қоласы, күмiсi мен алтыны бәрi бiрдей быт-шыт болып сынып қалды. Олар жаздыгүнi астық бастыратын қырмандағы бидай қауызындай соққан желменұшып кетiп, iз-түзсiз ғайып болды. Ал мүсiнге соғылған дәу тас үлкен тауға айналып, бүкiл жер бетiн толтырды.

36Түсiңiз осындай болды емес пе, о, тақсыр ие? Ендi оның мағынасын да айтып берейiн.

37Сiз, уа, патша ағзам, көптеген патшалардың патшасысыз. Көктегi Құдай сiзге патшалық билiк, күш-қуат пен атақ-даңқ сыйлап,

38үстемдiгiңiзге әр жердегi адам баласын, даладағы аңдар мен аспандағы құстарды тапсырып, өзiңiздi солардың барлығының үстiнен билеушi етiп тағайындады. Сондықтан мүсiннiң алтын басы өзiңiздi бiлдiредi.

39Сiзден кейiн дәрежесi төмендеу екiншi бiр патшалық, одан кейiн бүкiл жер бетiн басқаратын қола (iспеттi берiк) патшалық пайда болады.

40Содан кейiн төртiншi, темiрдей* мықты патшалық шығады. Темiр қарудың барлық нәрсенi сындырып, талқандай алатыны сияқты, осы патшалық та сол бұрынғы патшалықтарды талқандап күйретедi.

41-42 Мүсiннiң аяғы мен башпайларының жартылай қыштан, жартылай темiрден болғанын көрдiңiз ғой. Бұл — сол төртiншi патшалықтың екi бөлiктен тұратынын бейнелейдi. Кейбiр бөлiмдерi темiрдей қатты әрi күштi, ал басқалары қыш сияқты морт сынғыш болады.

43Өзiңiз көрген сол көрiнiстегi темiрдiң қышпен араласқаны iспеттi, сол бөлiмдерi де бiр-бiрiмен араласады.* Бiрақ темiрдiң қышпен бiртұтас бола алмайтынындай, араларында шынайы

44Алайда сол патшалардың заманында Көктегi Құдай бiр патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейдi, Құдай оны бөтен халықтың жаулап алуына жол бермейдi. Қайта, осы патшалық басқа барлық патшалықтарды бiржола қиратып, өзi мәңгi-бақи берiк тұрады.

45Адам баласы емес, басқа бiреу жартастан қашап жасаған дәу тасты көрген едiңiз ғой. Оның темiр, қола, қыш, күмiс және алтынды қиратқаны осыны бейнелейдi.

Сонымен Ұлы Құдай келешекте не болатыны туралы, патша ағзам, сiзге бiлдiрiп отыр. Көрген түсiңiз сенiмдi, түсiндiрмесi де дәл.


46Сонда Набуходоносор патша Даниялдың алдында басын жерге тигiзе тағзым еттi. Оның құрметiне астық тартуы жасалып, хош иiстi зат түтетiлсiн деп бұйырды да,*

47Даниялға былай дедi:

— Сен осы құпияны аша алғандықтан, сиынатын Құдайыңның шынымен барлық тәңiр атаулының үстiндегi Құдай әрi патшалардың Иесi екенiне көзiм жетiп отыр!


48Патша Даниялдың дәрежесiн мейлiнше жоғарылатып, оған көп сыйлық берiп, бүкiл Бабыл аймағының билеушiсi және Бабылдың барлық бiлiмпаздарының үстiнен қарайтын басшысы етiп бекiттi.

49Даниялдың өтiнiшiмен патша Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнегоны Бабыл аймағының iстерiн атқарушылар етiп тағайындады. Ал Даниялдың өзi патша сарайында тұратын болды.

3

Алтын мүсiн және лаулап жанып тұрған пеш


1Кейiнiрек Набуходоносор патша алтыннан бiр мүсiн* жасатып, оны Бабыл аймағындағы Дур жазығына орнатуға бұйырды. Мүсiннiң биiктiгi алпыс, енi алты шынтақ болды.

2-3 Оның салтанатпен ашылу рәсiмiне Набуходоносор патшалығының аймақ әмiршiлерiн, қолбасшыларын, әкiмдерiн, кеңесшiлерiн, қазынашыларын, билерiн және қала әкiмдерiн, яғни аймақтарының барлық билеушiлерiн шақырды. Сол шақырылғандардың бәрi де патша орнатқызған мүсiннiң алдында жиналып тұрған кезде

4жаршы қатты дауыспен былай деп жариялады:

«Уа, күллiұлттар, халықтар мен тiлдердiң адамдары, патшаның әмiрiне құлақ түрiңдер!

5Сендер керней, сыбызғы, домбыра, жетiген, шертер мен дауылпаздың дауысын және олардың ойнаған түрлi күйлерiн ести сала, Набуходоносор патша тұрғызған алтын мүсiннiң алдында бастарыңды жерге жеткенше иiп тағзым етiңдер!

6Кiмде-кiм басын жерге жеткенше иiп тағзым етпесе, сол бiрден лаулап жанып тұрған пешке тасталады!*

7Сондықтан керней, сыбызғы, домбыра, жетiген, шертер мен дауылпаздың дауысын және олардың ойнаған түрлi күйлерiн ести сала, күллiұлттар, халықтар мен тiлдердiң адамдары бастарын жерге жеткенше иiп, Набуходоносор патша орнатқан алтын мүсiнге тағзым еттi.

Шынайы Құдайға адал болып қалған үш жiгiт


8Сол кезде кейбiр жұлдызшылар* алға шығып, яһудилердi жамандай бастады.

9Олар патшаға былай деп шағым айтты:

— Уа, патша, мәңгi жасаңыз!

10Тақсыр, сiз «Әрбiр адам керней, сыбызғы, домбыра, жетiген, шертер мен дауылпаздың дауысын және олардың ойнаған түрлi күйлерiн ести сала алтын мүсiннiң алдында басын жерге жеткенше иiп тағзым етсiн!

11Кiмде-кiм басын жерге жеткенше иiп тағзым етпесе, сол лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсын!» деп әмiр еткен едiңiз ғой.

12Осы арада өзiңiз Бабыл аймағының басқарушылары етiп тағайындаған Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнего деген яһудилер бар. Бұлар сiздiң берген әмiрiңiздi менсiнбейдi, тәңiрлерiңiзге де құлшылық етпейдi, өзiңiз орнатқан алтын мүсiнге де тағзым етпейдi!

13Осыны естiгенде Набуходоносор патша қатты ашуланып, Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнегоны алып келуге бұйырды. Алдына әкелiнген үш жiгiтке

14патша былай дедi:

— Сендер шынымен менiң тәңiрлерiме де құлшылық етпей, өзiм орнатқан алтын мүсiнге де тағзым етпейсiңдер ме?!

15Ендеше мойынсұнуға дайын болсаңдар, онда керней, сыбызғы, домбыра, жетiген, шертер мен дауылпаздың дауысын және олардың ойнаған күйлерiн ести сала, бастарыңды жерге жеткенше иiп, өзiм жасатқан алтын мүсiнге тағзым етiңдер! Бiрақ егер тағзым етпесеңдер, бiрден лаулап жанып тұрған пешке лақтырыласыңдар! Сонда қандай құдай сендердi менiң қолымнан құтқарып алар екен?!

16Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнего Набуходоносорға былай деп жауап қайырды:

— Уа, патша, бұл мәселе бойынша сiзге жауап беруiмiздiң қажетi жоқ.

17Егер жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, өзiмiз ғибадат етiп жүрген Құдайдың бiздi құтқаруға құдiретi жетедi. Ол бiздi сiздiң қолыңыздан құтқаратын болады да!

18Тiптi солай болмаса да, мынаны бiлiп қойыңыз, уа тақсыр: сiздiң тәңiрлерiңiзге ғибадат етпеймiз де, орнатқан алтын мүсiнiңiзге табынбаймыз да!

19Набуходоносор қаһарына мiнiп, Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнегоны жек көре бастады. Пештi бұрынғыдан жетi есе ыстық етiп от жағылсын деп әмiр еттi.

20Содан әскерiнен ең қуатты деген жауынгерлердiң бiрсыпырасына сол үш жiгiттi байлап-матап, лаулап жанып тұрған пешке тастауға бұйырды.

21Осылай үшеуi шапандары, шалбарлары, сәлделерi және басқа да киiмдерiмен байланған күйлерi лаулап жанып тұрған пештiң iшiне лақтырылды.

22Патшаның бұйрығы қатаң және пештiң ыстық болғаны соншалық, Шадырақ, Мисақ, Әбдiнегоны пешке лақтырып жатқан адамдардың өздерi отқа күйiп өлдi.

23Ал сол үш жiгiт — Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнего — байланған күйлерi лаулап жанып тұрған пештiң iшiне құлап түстi.

24Бұған қарап тұрған Набуходоносор патша кенет таңғалып, орнынанұшып тұрып, қасындағы кеңесшiлерiнен:

— Бiз байлатып, отқа лақтыртқан адам үшеу емес пе едi? — деп сұрады.

— Дәл солай, уа, патша ағзам! — деп жауап қатты олар.

25Сонда патша:

— Қараңдар, мен от iшiнде емiн-еркiн, аман-сау жүрген төрт адамды көрiп тұрмын! Ал төртiншiсi тәңiрдiң баласы iспеттi екен!* — деп айқайлап жiбердi.


26Содан ол лаулап жанып тұрған пештiң аузына қарай барып:

— Уа, Шадырақ, Мисақ, Әбдiнего — Алла Тағаланың қызметшiлерi, шығып берi келсеңдер екен, — деп шақырды.

Сонда үшеуi оттың ортасынан шықты.

27Аймақ әмiршiлерi, қолбасшылар, әкiмдер және патшаның кеңесшiлерi үш жiгiттi айнала жиналып, оттың оларға ешқандай зиян тигiзбегенiне көздерi жеттi. Олардың шаштары да күймептi, шапандары да өртенбептi, тiптi оттың иiсi де оларға сiңбептi!

28Сонда Набуходоносор дауыстап былай дедi:

— Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнего сиынған Құдай мадақталсын! Ол перiштесiн* жiберiп, Өзiнiң қызметшiлерiн құтқарып алып қалды. Олар өздерi сиынған Құдайға толық сенiм артып, өзге тәңiрге ғибадат етiп, табынудан бас тартты да, патшаның бұйрығына бағынбай, тiптi өмiрлерiн қиюға да дайын болды!


29Сол себептi менiң жарлығым мынадай: «Егер кез келген халықтың,ұлттың не тiлдiң адамдары Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнего сиынған Құдайға қарсы бiрдеңе айтатын болса, олар кескiленiп өлтiрiлiп, үйлерi жермен-жексен етiлсiн! Себебi басқа ешбiр тәңiр осылай құтқара алмайды!»

30Содан патша Шадырақ, Мисақ пен Әбдiнегоны Бабыл аймағына дәрежелерi бұрынғыдан да жоғары лауазымды қызметкерлер етiп тағайындады.*

Набуходоносор түсiнде көрген ғажайып ағаш


31Кейiнiрек Набуходоносор* патша жер бетiндегi барлық халықтар,ұлттар және тiлдердiң адамдарына мына хатын жолдады:

«Барлығыңа амандық пен тыныштық тiлеймiн!

32Алла Тағаланың маған жасаған керемет те ғажап iстерi туралы айтып берудi жөн көрдiм.

33Оның iстерi қандайұлы, кереметтерi қандай құдiреттi! Құдайдың Патшалығы мәңгiлiк, Оның билiгiұрпақтанұрпаққа жалғаса бередi.

4


1Мен, Набуходоносор, өз сарайымда рақат күй кешiп, молшылықта өмiр сүрiп жатқан едiм.

2Бiрде төсекте жатқанымда өте қорқынышты түс көрiп, ондағы қиялдар мен аяндардан үрейiмұшты.

3Сондықтан мен түсiмнiң мағынасын жорып берсiн деп Бабылдағы барлық бiлiмпаздарды алып келуге бұйырдым.

4Сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылар алдыма келгеннен кейiн түсiмдi айтып бердiм, бiрақ олар оның мағынасын жорып бере алмады.

5Ең соңында Даниял алдыма келдi. Өзiм сиынатын тәңiрiмнiң атымен Балташазар деп те аталған оның бойында киелi тәңiрлердiң рухы бар.* Оған былай деп түсiмдi айтып бердiм:

6Ей, Балташазар, бiлiмпаздардың үстiнен қарайтын басшы!* Бойыңда киелi тәңiрлердiң рухы бар болғандықтан, сен шеше алмайтын құпияның жоқ екенiне көз жеткiздiм. Мына түсiмдi тыңдап, жорып бершi.

7Мен төсекте демалып жатып, мынадай аяндар көрдiм: Қарасам, жер бетiнiң қақ ортасында бiр зәулiм ағаш тұр екен.

8Ағаш одан да биiк, мықты болып өсiп,ұшар басы аспанға жетiп, жердiң түкпiр-түкпiрiне дейiн көрiнiп тұрды.

9Оның жапырақтары әдемi, жемiсi мол, бәрiнiң азығына жететiндей болды. Дала хайуандары* оның көлеңкесiн паналап, құстар бұтақтарынаұялап, күллi тiршiлiк атаулы одан тамағын тауып жүрдi.

10Төсегiмде жатып түсiмнiң жалғасын көре бердiм. Кенет аспаннан бiр қасиеттi хабаршы түсiп келе жатыр екен!*

11Хабаршы зор дауыспен былай деп жар салды: «Ағашты кесiп, бұтақтарын шауып тастаңдар! Жапырақтарын жұлып, жемiстерiн шашып тастаңдар! Оның көлеңкесiндегi аңдар мен бұтақтарындағы құстар қашып кетсiн!

12Бiрақ оның түбiрi мен тамырларын темiр, қола кiсендермен бұғаулап, даладағы шөптердiң арасында қалдырыңдар! Сонда шыққа малынып, хайуандар iспеттi* көк шөптi даланы мекендеп қала берсiн!

13Оның санасы ауысып,* адамдiкi емес, жануардiкi болсын. Ол сондай күйде басынан жетi кезеңдi** өткiзсiн.

14Бұл шешiмдi мәлiмдеп, үкiмдi жариялаған — қасиеттi хабаршылар.* Осылайша осы дүниенiң** патшалықтарына Алла Тағаланың үстемдiк жүргiзетiнiн барлық тiрi жан атаулыұғатын болады. Ол билiктi Өзi қалаған кiсiсiне берiп, ең төменгi пенденi де соған тағайындай алады.

15Мiне, менiң, Набоходоносор патшаның, көрген түсiм осы болды. Ендi, Балташазар, соны жорып бершi. Патшалығымдағы бiлiмпаздардың ешқайсысы оны маған түсiндiрiп бере алмады. Ал сенiң қолыңнан келедi, себебi сенiң бойыңда киелi тәңiрлердiң рухы* бар!»

Даниялдың ғажайып ағаш жайлы түстi жоруы


16Балташазар деп те аталатын Даниял мұны естiгенде бiраз уақытқа аң-таң болып, басына келген ойлардан қатты абыржыды. Ал патша:

— Балташазар, сол түс пен оның мағынасын уайымдама! — дедi. Сонда ол былай деп жауап бердi:

— Уа, тақсыр, бұл түс пен оның мағынасы сiздiң жек көрушiлер мен қас жауларыңыздың басына түссе екен.

17Сiз түсiңiзде көрген биiк, мықты болып өсiп,ұшар басы аспанға жетiп, жердiң түкпiр-түкпiрiне дейiн көрiнген

18әрi жапырақтары әдемi, жемiсi мол, бәрiнiң азығына жететiндей болған, көлеңкесiн дала хайуандары паналап, бұтақтарына құстарұялаған сол ағаш өзiңiздi бiлдiредi, уа, патша ағзам.

19Сiз қуаттанып, құдiреттi болып келдiңiз. Ұлылығыңыз көбейiп, аспанға дейiн жетiп, билiгiңiз жер бетiнiң шет-шетiне жайылды.*

20О, патшам, бiр қасиеттi хабаршының* аспаннан түсiп келгенiн де көрiпсiз. Ол: «Ағашты кесiп тастап, құртыңдар, бiрақ оның түбiрi мен тамырларын темiр, қола кiсендермен бұғаулап, даладағы шөптердiң арасында қалдырыңдар! Сонда шыққа малынып, хайуандар iспеттi көк шөптi даланы мекендеп қала берсiн! Осындай күйде басынан жетi кезеңдi өткiзсiн!» дептi.

21Уа, патшам, Алла Тағаланың тақсыр иеме шығарған осы үкiмiнiң мағынасы мынау:

22Сiз адамдардың арасынан аластатылып, хайуандармен бiрге даланы мекендеп, өгiз сияқты шөппен қоректенiп, шыққа малынып тұратын боласыз. Сонымен сiз Алла Тағаланың осы дүниенiң патшалықтарына үстемдiк жүргiзiп, билiктi Өзi қалаған кiсiсiне беретiнiнұққанға дейiн жетi кезең өтетiн болады.

23Ал түсiңiздегi «Ағаш түбiрi мен тамырларын қалдырыңдар!» деген бұйрық мынаны бiлдiредi: патшалық билiгiңiз өзiңiзден бiржолата алынбайды. Сiз бәрiне де үстемдiк жүргiзушi, көктегi Құдай екенiнұққан кезде ол өзiңiзге қайтарылып берiледi.

24Сондықтан, уа, патша тақсыр, менiң мына кеңесiме оң көзбен қарай көрiңiз: күнәларыңыздан бас тартып, әдiлдiкке бет бұрыңыз, жаман iстерiңiздi қойып, қысым көргендерге қайырымдылық көрсете көрiңiз! Сонда сiздiң өмiрiңiзұзақ та берекелi бола алады.

Түстiң орындалуы


25Осының барлығы да Набуходоносор патшаның өмiрiнде жүзеге асты.*

26Бұл былай болды. Құдайдың ескертуiнен он екi ай өткеннен кейiн патша бiр күнi өзiнiң Бабылдағы сәулеттi сарайының жалпақ төбесiнде* серуендеп жүргенде,

27былай деп паңдана мақтанды:

— Мiне, мынау —ұлы қала Бабыл ғой! Оны өзiмнiң салтанаттыұлылығымның даңқын шығарып, патшалығыма лайықты мекен болуға арнап, өзiмнiң құдiреттi күш-қуатыммен салдым емес пе?


28Патша осы сөздердi айтып болмай жатып, көктен былай деген дауыс естiлдi:

— Ей, Набуходоносор патша, саған шығарылған үкiм мынау: сен патшалығыңнан айырылдың!

29Сен бұдан былай адамдардың арасынан аластатылып, дала хайуандарымен бiрге тұрып, өгiз сияқты шөппен қоректенетiн боласың! Алла Тағаланың осы дүниенiң патшалықтарына үстемдiк жүргiзiп, билiктi қалаған кiсiсiне беретiнiнұққанға дейiн осындай күйде жетi кезеңдi өткiзесiң.

30Набуходоносорға айтылған осы сөз сол сәтте-ақ орындалды. Ол адамдардың арасынан аластатылып, өгiз сияқты шөппен қоректенiп, денесi шыққа малынып тұрды. Содан шаштары бүркiттiң қауырсынындай, тырнақтары құстың шеңгелiндей болып сойдиып өсiп кеттi.

31Сол мерзiм бiткен соң мен, Набуходоносор, көктегi Құдайға* бет бұрдым. Сонда ақыл-санам өзiме қайта оралды. Мен мәңгi тiрi Алла Тағаланы мадақтап, дәрiптеп, Оған шүкiршiлiк айттым.

Оның билiгi мәңгiлiк, Патшалығыұрпақтанұрпаққа мәңгi жалғаса бередi.

32Бүкiл жер бетiнiң тұрғындары Оның алдында түк емес сияқты көрiнедi. Ол көктегi перiштелер топтарына да,* жердегi адамдарға да Өзiнiң еркiне сай әрекет етедi. Оған кедергi болып: «Мұның қалай?» деп тыйым сала алатын ешкiм де жоқ.

33Сол сәтте ақыл-санам бұрынғы қалпына келiп, патшалығымның құрметiне салтанаттыұлылығым өзiме қайта оралды. Уәзiрлерiм мен төрелерiм* алдымнан өтiп, мен өз патшалығымның билiгiне қайтадан ие болдым. Менiң бұдан кейiнгi атақ-даңқым бұрынғысынан да зор болды.

34Сондықтан мен, Набуходоносор, Көктiң Патшасын мадақтап, құрметтеп, дәрiптеймiн, өйткенi Оның барлық iс-әрекетi ақиқат та әдiл. Ол көкiрегiн көтеретiн тәкаппарлардың бәрiн де мойынсұндырып, бағындыра алады.

5

Сарай қабырғасындағы ғажап жазу


1Көп жылдан кейiн Белшазар патша* өзiнiң қол астындағы бiр мың басшы-ұлығына арнап үлкен қонақасы берiп, сонда бәрiнiң көз алдында шарап iше бастады.

2Соның дәмiн татқаннан кейiн Белшазар: «Атам Набуходоносор* кезiнде Иерусалимдегi ғибадатханадан алып келген ыдыстар** келтiрiлсiн!» — деп бұйырды. Себебi Белшазар өзiнiң басшы-ұлықтары, әйелдерi және кәнизактарымен*** бiрге сол қасиеттi ыдыстардан шарап iшпек болды.

3Содан Құдайдың Иерусалимдегi киелi үйiнен тоналған алтын ыдыстар әкелiндi. Патшаның өзi, оның басшы-ұлықтары, әйелдерi және кәнизактары сол ыдыстарға шарап құйып, iше бастады.

4Олар iшiп отырғанда, алтын, күмiс, қола, темiр, ағаш және тастан жасалған жалған тәңiрлерiн дәрiптеп, мақтау айтты.

5Сол сәтте кенеттен адамның қолының саусақтары пайда болып, шамқойғыштың тұсында сарайдың әктелген қабырғасына бiр нәрсенi жаза бастады. Патша жазып жатқан қолға қарап,

6қатты абыржып кеттi. Ол қорыққанынан қалш-қалш етiп, өңi қуарып, екi тiзесi бiр-бiрiне соғыла дiрiлдеп отырды.

7Патша қатты айқайлап, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршыларды шақыртып алды. Бабылдың бiлiмпаздары жиналған соң, Белшазар оларға былай дедi: «Кiмде-кiм осы жазуды оқып, оның мағынасын түсiндiрiп берсе, сол патшалықтың үшiншi билеушiсi болады! Оған күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа салынады»,* — дедi.

8Патшаның шақырған бiлiмпаз адамдарының бәрi алдына келдi, бiрақ ешқайсысы да жазуды не оқи, не түсiндiре алмады.

9Бұған Белшазар одан бетер үрейленiп, жүзi құп-қу болып қуарып кеттi. Оның басшы-ұлықтары да дал болып састы.

10Осы кезде қонақасы өтiп жатқан жерге патша мен оның басшы-ұлықтарының айтқандары туралы хабар алған патшайым* кiрiп келдi. Ол былай дедi:

— Уа, патша, мәңгi жасаңыз! Қорықпаңыз, жүзiңiз де қуаң тартпасын.

11Патшалығыңызда киелi тәңiрлердiң рухы дарыған* бiр адам бар. Атаңыздың** көзi тiрiсiнде сол кiсiнiң тәңiрлердiкi сияқты ақыл-парасаты мен көрегендiгi бар екендiгi анықталған болатын. Сол адамды атаңыз Набуходоносор патша сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылардың үстiнен қарайтын басшы етiп тағайындаған едi.***

12Менiң айтып отырған адамым Набуходоносор патша Балташазар деп ат қойған Даниял деген кiсi. Ол өте зерделi, бiлiмдi және көреген адам. Оның түс жоритын, жұмбақтарды* түсiндiретiн және қиын мәселелердi шеше алатын қабiлетi де бар. Даниялды шақыртыңыз, ол мына жазудың мағынасын түсiндiрiп бередi.

13Сонда Даниял патшаның алдына әкелiндi. Патша оған:

— Атам Набуходоносор патша Яһуда елiнен жер аударып алып келгендердiң бiрi — Даниял, осы сен емес пе едiң?

14Сен туралы бойыңда киелi тәңiрлердiң рухы бар, ақыл-парасатың мен көрегендiгiң ерекше деген мәлiмет алдым.

15Мына жазуды оқып, түсiндiрiп берсiн деп алдыма келтiрiлген бiлiмпаздар мен балгерлердiң ешбiрi соны iстей алмады.

16Бiрақ сенi түрлi жайттардың мағыналарын түсiндiрiп, қиын мәселелердi шешiп бере алады деп естiдiм. Егер мына жазуды оқып, оның мағынасын түсiндiрiп берсең, үстiңе күрең қызыл шапан жауып, мойныңа алтын алқа салып, сенi патшалықтың үшiншi билеушiсi етiп тағайындаймын, — дедi.

17Даниялдың жауабы мынау болды:

— Маған сый беруге әуре болмай-ақ қойыңыз, тартуларыңызды басқа бiреуге сыйлай берiңiз. Ал сiзге мына жазуды оқып, мағынасын айтып берейiн.


18Уа, патша, Алла Тағала атаңыз Набуходоносорға патшалық билiк пенұлылық, даңқ, қадiр-құрмет пен салтанат сыйлаған едi.

19Осындайұлылыққа ие болған атаңыздан күллiұлттар, халықтар мен тiлдердiң адамдары дiрiлдеп қорқатын. Патша өзi қалаған кiсiлерiн не өлiмге кесiп, не тiрi қалдырып отырды, әрi өз еркiне сай олардың дәрежелерiн не көтерiп, не төмендететiн.

20Бiрақ тым асқақтап, тәкаппар болып кеткен кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды.

21Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есi өзгерiп, хайуандiкiндей болып қалды. Сонда құландармен* бiрге даланы мекендеп, өгiз сияқты шөппен қоректенiп, шыққа малынып жүрдi. Алла Тағаланың осы дүниенiң патшалықтарына үстемдiк жүргiзiп, қалаған кiсiсiне билiктi беретiнiнұққанға дейiн сондай күйiнде қалды.

22Ал сiз, оның ұрпағы* Белшазар, осының бәрiн бiлсеңiз де, кiшi пейiл болған жоқсыз.

23Керiсiнше, Көктiң Иесiне қарсы бас көтердiңiз! Оның киелi үйiнен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, солармен басшы-ұлықтарыңыз, әйелдерiңiз және кәнизактарыңызбен бiрге шарап iштiңiз, оның үстiнде күмiс, алтын, қола, темiр, ағаш және тастан жасалған, ештеңенi көрiп-естiмейтiн әрi түсiнбейтiн жалған тәңiрлерiңiздi мадақтап отырдыңыз. Алайда өмiрiңiз бен барлық жолдарыңызды қолындаұстап отырған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз!

24Сол себептен де Ол осы қолды жiберiп, мына жазуды жаздыртты.

25Жазылған сөздер мынадай: «Мене, мене, текел, у-парсин».*

26Олардың түсiндiрмесi мынау: «мене» — «Құдай патшалығыңның күндерiн санап, оны тоқтатты дегендi,

27«текел» — «Сен таразыға тартылып, жеткiлiксiз деп табылдың» дегендi,

28ал «перес»* — «Патшалығың бөлiнiп, мидиялықтар мен парсыларға берiлдi» дегендi бiлдiредi.

29Сонда Белшазардың әмiрi бойынша Даниялға күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа салынды. Ол патшалықтың үшiншi билеушiсi деп жарияланды.

30Дәл сол түнi халдей патшасы* Белшазар өлтiрiлдi.

31Оның патшалығын мидиялық Дарий иемдендi.* Ол сол кезде шамамен алпыс екi жаста болатын.

6

Пайғамбардың арыстан шұңқырына тасталуы


1Дарий билiк құрған бүкiл патшалығына жүз жиырма аймақ әмiршiсiн тағайындауды жөн көрiп, онысын жүзеге асырды да.

2Бұған қоса патшаның мүддесiн көздеп, аймақ әмiршiлерiнiң үстiнен қарап, есеп алып отыратын үш уәзiрдi де бекiттi. Сол үш уәзiрдiң бiреуi Даниял болды.

3Даниял (Құдайдың Рухы дарытқан) асқан қабiлеттiң арқасында өзге екi уәзiр мен аймақ әмiршiлерiнен озық шықты. Сондықтан патша оны бүкiл патшалықты басқарушы етiп қоюды ойлады.

4Сонда басқа уәзiрлер әрi аймақ әмiршiлерi Даниялды айыптауға сылтау iздей бастады. Бiрақ Даниял сенiмдi болып, жұмысынұқыпты атқарғандықтан, олар оны кiнәлайтындай бiрде-бiр қате не заңсыздық таба алмады.

5Ақырында олар: «Оның сиынатын Құдайы бұйырған Таурат заңына қатысты болмаса, басқа жағынан ешқандай айып таба алмаймыз», — деп қорытты.

6Содан уәзiрлер мен аймақ әкiмдерi бiр айла тауып, патшаның алдына жиналып, былай дедi:

— Уа, Дарий патша, мәңгi жасаңыз!

7Бiз, патшалықтың уәзiрлерi, қолбасшылары, аймақ әмiршiлерi, кеңесшiлерi және әкiмдерi бәрiмiз ақылдаса келiп, патша ағзам мынадай заңды қабылдап, жарлық шығарса, тиiмдi болар едi деген қорытындыға келдiк: Кiмде-кiм отыз күндiк мерзiм iшiнде өзiңiзге емес, уа, патша иемiз, бiр тәңiрге не пендеге басұрып, өтiнiш жасаса, сол адам арыстан шұңқырына тасталсын!*

8Осылайша, уа, патша ағзам, бұл жарлықты құптап, оны мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес ешкiм өзгерте алмастай етiп жазбаша шығарта көрiңiз.

9Дарий патша бұл жарлықты жазбаша шығартып, бекiттi.

10Даниял мұны бiлсе де, бұрынғыдай күнiне үш мәрте үйiнiң жоғарғы бөлмесiне көтерiлiп, Иерусалимге қарай ашық тұрған терезенiң алдына баратын. Сол жерде ол тiзерлеп отырып, сиынатын Құдайына мiнажат етiп, Оны мадақтауын жалғастыра бердi.

11Сонда оны көре алмайтындар жиналып, Даниялдың Құдайға сиынып, рақым көрсетуiн сұрап тұрғанының үстiнен түстi.

12Олар патшаның алдына барып, оның шығарған жарлығы туралы айта келiп:

— Уа, патша! «Кiмде-кiм отыз күндiк мерзiм iшiнде өзiңiзге емес, бiр тәңiрге не пендеге басұрып, өтiнiш жасаса, сол адам арыстан шұңқырына тасталсын!» деп жарлық шығармап па едiңiз? — деген сауал қойды. Патша:

— Дұрыс, бұл жарлық мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес бекiтiлдi, оны ешкiм де өзгерте алмайды! — деп жауап бердi.

13Сонда әлгiлер:

— Яһудадан жер аударылып келгендердiң бiрi — Даниял не сiздiң өзiңiзге, не шығарған жарлығыңызға пысқырып та қарамайды! Ол әлi де күнiне үш мәрте өзiнiң Құдайына басұрып мiнажат етiп келедi! — деп шағым айтты.


14Мұны естiгенде патша өзiне-өзi қатты наразы болды. Ол Даниялды құтқаруға ниеттенiп, күн батқанға дейiн оны қалай да аман қалдыруға тырысты.

15Алайда манағы қызметкерлер қайтадан патшаның алдына жиналып:

— Уа, патша, есiңiзден шығара көрмеңiз, мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес, патша шығарған ешқандай жарлық пен ереженi өзгертуге болмайды! — деп ескерттi.


16Содан патшаның әмiрiмен Даниял әкелiнiп, арыстандар қамалған шұңқырға тасталды. Патша соның алдында Даниялға: «Сен өз Құдайыңа үздiксiз қызмет етiп келдiң. Ендi Ол сенi құтқарсын!» — деген тiлегiн бiлдiрген едi.

17Ешкiмнiң де Даниялды құтқара алмасы үшiн, шұңқырдың аузы дәу таспен жабылып, патша тасқа өзiнiң және әмiршiлерiнiң мөрлерiн басып, бекiттi.

18Бұдан соң патша сарайына кетiп, көңiл көтеруге зауқы соқпай, тамақтан да ауыз тимедi. Түнiмен көз шырымын да алған жоқ.

19Таң атар-атпастан патша орнынан тұрып, арыстанның апанына қарай тартты.

20Апанға жақындап қалғанда мұңды дауыспен:

— Ей, Даниял, тiрi Құдайдың құлы! Өзiң үздiксiз қызмет етiп келген Құдайың сенi арыстандардан құтқара алды ма? — деп сұрады.

21Сонда Даниял жауап берiп:

— Уа, патша ағзам, мәңгiлiк жасаңыз!

22Сиынатын Құдайым өз перiштесiн жiберiп, арыстандардың аузын жауып тастады. Құдайдың алдында айыбым жоқ деп табылғандықтан, хайуандар менi ешқандай жарақаттаған жоқ. Мен өзiңiзге де ешбiр зиян келтiрген емеспiн ғой, уа, патшам! — дедi.

23Патша бұған қатты қуанып, Даниялды арыстан шұңқырынан шығарып алуға бұйырды. Апаннан шыққан Даниялдың денесiнен бiрде-бiр жарақат табылмады. Себебi ол сиынатын Құдайына толық сенiм артқан едi.

24Патшаның әмiрiмен, Даниялға тiсiн қайрап, жазықсыз кiнә таққан адамдардың өздерi, әйелдерi, бала-шағаларымен қоса түгелдей арыстан шұңқырына тасталды. Апанның түбiне жетпей жатып-ақ, арыстандар оларға бас салып, денелерiнiң мылжа-мылжасын шығарды.*

25Содан соң Дарий жер бетiндегi* әрбiр халық,ұлт пен тiлдiң адамдарына мынадай хат жаздырды:

«Барлығыңа да амандық пен тыныштық тiлеймiн!

26Былай деп жарлық шығарамын: патшалығымның күллi жерлерiнде халық Даниялдың сиынатын Құдайынан қалтырап қорқып, Оны терең қастерлейтiн болсын!

Себебi Ол — тiрi Құдай, Ол мәңгiлiк жасайды,


Оның Патшалығын ешкiм де жеңе алмайды,


Құдайдың билiгi мәңгiлiкке созылады!



27Құдай құтқарып, аман-есен қалдырады,

Көк пен жерде керемет, ғажап iстер жасайды.


Ол арыстандардың аранынан Даниялды


Құтқарып алып, аман-есен сақтап қалды!»



28Сонымен Даниялдың жағдайы Дарийдiң, яғни парсы патшасы Кирдiң* билiк құрған заманында өркендей бердi.

7

Даниял пайғамбар түсiнде көрген төрт айуан


1Белшазардың Бабыл елiне билiк құрған бiрiншi жылы Даниял төсегiнде жатқанда түсiнде түрлi аяндар көрдi. Содан ол түсiнiң мазмұнын жазып қалдырды.

2Онда Даниял былай деп баяндады:

— Түнде көрген түсiмде аспанның төрт бағытынан қатар соққан желдiңұлан-ғайыр теңiздiң астан-кестенiн шығарып, сапырып жатқанын көрдiм.*


3Сол кезде теңiзден бiр-бiрiнеұқсамайтын үлкен-үлкен төрт айуан шыға келдi.

4Бiрiншiсiнiң сырт көрiнiсi арыстанғаұқсады, бiрақ оның бүркiттiң қанатындай қанаттары болды. Мен қарап тұрғанда қанаттары жұлынып тасталды. Айуан жерден көтерiлiп, адам сияқты артқы екi аяғымен тұрғызылды. Бұған қоса оған адамдiкiндей ақыл-сана да* берiлдi.

5Тағы қарағанымда екiншi айуанның көрiнiсiнiң аюғаұқсайтынын байқадым. Ол бiр жағымен көтерiле бастаған едi. Аузында тiстеген үш қабырға бар екен.* Осы айуанға: «Орныңнан тұр да, бас салып, еттi молынан жалмай бер!» — делiндi.

6Содан кейiн қарасам, қабыланғаұқсаған тағы бiр айуан тұрды. Оның арқасында құстiкi сияқты төрт қанаты бар екен, әрi төрт басы да болды. Осы айуанға билiк жүргiзу тапсырылды.*

7Содан соң түнгi түсiмде төртiншi айуанды да көрдiм. Ол өте қорқынышты, үрей туғызатын және асқан қуатты екен. Оның үлкен-үлкен темiр тiстерi болды. Айуан алдына келгеннiң бәрiн жалмап, парша-паршасын шығарып, қалғанын аяқтарымен таптап жүрдi. Ол бұған дейiнгi барлық айуандардан өзгеше болды. Оның он мүйiзi де бар едi.*

8Сол мүйiздерге назар салғанымда, араларынан тағы бiр кiшкентай мүйiз шықты. Сонда оған орын босату үшiн жаңағы мүйiздердiң үшеуi түбiмен жұлынып қалды. Осы мүйiздiң адамдiкiндей көздерi және бөсiп мақтанған аузы болды.

Құдай тағайындаған Билеушiнiң аян беруi


9Мен қарап тұра бердiм. Соңында тақтар орнатылып, «Мәңгi жасап келе жатқан тiрi Тәңiр Ие»* өз тағына отырды. Оның киiмi, шашы қардай аппақ, таза, ал отырған тағы лапылдап жанған оттан, әрi тақтың дөңгелектерi лаулаған жалыннан тұратын едi.

10Тақта Отырғанның алдынан отты өзен ағып жатты. Сан мыңдаған нөкерлер Оған қызмет етiп, он мыңдаған түмендер Оның еркiн орындауға дайын тұрды. Бүкiл сот тақтарына отырып, арнайы кiтаптар ашылды.*

11Содан кейiн мен бөсiп мақтанған сөздерiн айтқан жаңағы мүйiзбен не болатынына назар аудардым. Кенеттен көз алдымда сол төртiншi айуан өлтiрiлiп, денесi лапылдап жанып тұрған отқа тасталып құртылды.

12Қалған айуандар билiгiнен айырылғанмен, белгiлi бiр уақытқа дейiн тiрi қалдырылды.

13Сол түнi көрiп жатқан аяндарымда кенеттен адам баласынаұқсайтын Бiреудiң аспандағы бұлттармен* келе жатқанын байқадым. Ол мәңгi жасап келе жатқан тiрi Тәңiр Иеге жақындап келiп, Оның алдына әкелiндi.

14Оған құдiрет, салтанаттыұлылық және патшалық билiк тапсырылды. Барлық халықтар,ұлттар мен тiлдердiң адамдары Оған бойұсынып құрмет көрсетуге тиiс болды.* Ол мәңгiлiк билiк құрады, Оның патшалығы ешқашан құламайды!

Аянның мағынасы


15Ал өзiм — Даниял жаным түршiге қиналып, көрген аяндарым менi қатты абыржытты.

16Сол жерде тұрған нөкерлердiң* бiрiне жақындап келiп, осының бәрiн түсiндiрiп беруiн өтiндiм. Ол солардың мағынасын түсiндiрiп айтып бердi:

17«Төрт үлкен айуан — жер бетiнде пайда болатын* төрт патшалық.

18Бiрақ Құдай Тағалаға бағышталғандар патшалық билiктi қабылдап алып, соған мәңгiлiк, иә, мәңгi-бақи ие болады!»

19Содан кейiн мен басқалардан өзгеше, аса қорқынышты төртiншi айуан туралы бiлгiм келдi. Ол темiр тiстерiмен, қола шеңгелiмен құрбандарын езiп, жалмап, қалғандарын аяғымен таптайды екен.

20Мен тағы сол айуанның басындағы он мүйiз туралы әрi кейiн солардың үшеуiн түсiрiп тастап, орнына өсiп шыққан жаңа мүйiз* туралы да бiлгiм келдi. Соның көздерi және бөсiп мақтанған аузы болды.

21Мен қарап тұрған кезде осы мүйiз Құдайға бағышталғандарға қарсы соғыс бастап, оларды жеңiп отырды.

22Бiрақ соңында мәңгi жасап келе жатқан тiрi Құдай Тағала* келiп, Өзiне бағышталғандарды ақтайтын үкiм шығарды. Осылайша олар патшалық билiктi иемденiп алды.

23Әлгi нөкер маған тағы мына түсiндiрменi де бердi: «Төртiншi айуан жер бетiнде кейiнiрек пайда болатын патшалықты бiлдiредi. Ол басқа патшалықтардың бәрiнен өзгеше болып, бүкiл жер бетiн таптап, талқандап, жалмап қояды.

24Оның он мүйiзi осы патшалықтан шығатын он патшаны бейнелейдi. Кейiн олардан өзгеше тағы бiр патша пайда болып, патшалардың үшеуiн өзiне бағындырып алады.

25Ол Алла Тағалаға қарсы сөйлеп, Оған бағышталған адамдарды басып, жаныштайтын болады. Патша Құдайдың Тауратта белгiлеген мерзiмдi, рәсiмдерi мен заңдарын өзгертугеұмтылады. Құдайға бағышталғандар бiр кезеңге, екi кезеңге және жарты кезеңге* оның қол астына берiледi.

26Алайда сот жүргiзiлгенде сол зұлым патша билiгiнен айырылып, үстемдiгi мәңгiлiкке жойылып, құртылады.

27Содан соң аспан астындағы күллi патшалықтардың билiгi, құдiретi және салтанаттыұлылығы Құдай Тағалаға бағышталған халыққа тапсырылады. Оның Патшалығы мәңгiлiкке орнап, билеушi атаулының бәрi Оған сиынып, бағынатын болады».

28Аянның соңы осы. Мен, Даниял, көрiп-ойлағандарымнан қатты абыржып, жүзiм құп-қу болып кеттi. Бiрақ та бұлардың бәрiн көңiлiме түйiп алдым.

8

Даниял аянында көрген қошқар мен теке


1Бiрiншi аяннан кейiн, Белшазар патшаның билiк құрған үшiншi жылы,* тағы бiр аян көрдiм.

2Сол аянымда мен Елам аймағының бекiнiстi астанасы Сузыда, Улай өзенiнiң жағасында* тұр екенмiн.

3Айналама көз салсам, өзен жағасында тұрған қос мүйiздi қошқарды* байқадым. Оның екi мүйiзi деұзын, ал бiреуi екiншiсiненұзындау екен. Солұзындауы кейiнiрек өсiп шыққан болатын.

4Қошқар батыс, солтүстiк пен оңтүстiкке қарай сүзгiлеп айбат шегiп тұрды. Ешбiр жануардың оған қарсы тұруға күш-қуаты жетпедi де, оның құдiретiнен құтқаратын ештеңе болмады да. Содан қошқар қалағанын iстеп, айбаттанып кеттi.

5Мен бұған қарап, ойланып тұрдым. Сол сәтте екi көзiнiң арасында шодырайған дәу мүйiзi бар бiр теке тұяғын жерге тигiзбейтiндей жылдамдықпен батыстан бүкiл жер бетiмен өтiп бара жатты.

6Теке мен бұрынырақ өзен жағасында көрген қос мүйiздi қошқарға қарай бет алып, оған қаһарлы бар күшiмен тап бердi.

7Ол қошқарға бас салып, оның екi мүйiзiн де сындырып тастады. Оған қарсы тұруға қошқардың қауқары жетпедi. Теке оны жерге құлатып, таптай бастады. Қошқарды текеден құтқара алатын ешкiм де болмады.

8Содан теке тiптi айбаттанып, асқақтап кеттi. Бiрақ әбден күшейдi деген кезде оның дәу мүйiзi сындырылды. Оның орнына аспанның төрт бағытын меңзеген төрт шодырайған дәу мүйiз өсiп шықты.

9Солардың бiрiнен тағы бiр кiшкентай мүйiз өсiп шығып, күш-қуаты артып, оңтүстiкке, шығысқа және «көрiктi елге»* қарайұлғая бердi.

10Оның құдiретi тiптi аспанға дейiн жетiп, «көктiң әскерiне»* бас салды. Солардың кейбiреулерiн жерге лақтырып, аяғымен таптады.

11Ол тiптi «көктiң әскерiнiң» Басшысы — Құдайға қарсы шығуға дейiн күшейiп кеттi. Құдайға арнап күнделiктi құрбандықұсынуға тыйым салып, Оның киелi үйiн* арамдады.

12Алайда «көктiң әскерiне» оны сол күнәсы үшiн жоюға рұқсат берiлмедi. Соның нәтижесiнде ғибадатхананың рәсiмдерi арамданып, шындық аяқ асты етiлдi.* Бұл мүйiз осындай iстерiнiң бәрiнде табысты болды.

13Содан соң мен екi қасиеттi перiштенiң өзара сөйлесiп, бiреуiнiң былай деп сұрағанын естiдiм:

— Осы аянда көрсетiлген оқиғалар орындалғанға дейiн қанша уақыт өтпек? Күнделiктi құрбандықұсынуды тоқтатып, киелi үйдi арамдап бос қалдырған* бас көтеру қашанға дейiн созылмақ? Киелi үй мен «көктiң әскерi» қашанғы аяқ асты етiлмек?


14Екiншi перiштенiң жауабы мынау болды:

— Бұл екi мың үш жүз күн мен түнге* созылады. Содан кейiн киелi үй қайтадан арамдықтан тазарып, Құдайға бағышталады!

Аянның жорылуы


15Мен, Даниял, осы аянды көрiп, оны түсiнуге тырысып отырғанымда, кенеттен алдымда ер адамға* ұқсас бiреу пайда болды.

16Сонда Улай өзенi жағынан: «Жәбiрейiл, мына адамға аянның мағынасын түсiндiрiп айтып бершi!» — деген бiреудiң дауысын естiдiм.

17Жәбiрейiл мен тұрған жерге жақындап келгенде, қатты қорқып, иiлiп, етпетiммен жерге жата кеттiм. Ол маған: «Ей, пенде, бұл аянның сол ауыр заманның ақыр соңы* жайында екенiн бiлiп қой», — дедi.

18Жәбiрейiл маған сөйлеп тұрған кезде мен қаттыұйқыда, етпетiммен жатқан едiм. Ол маған қолын тигiзiп, орнымнан тұрғызды.

19Содан соң былай дедi:

— Мен саған кейiнiрек, Құдайдың қаһарлы үкiмi шығарылатын кезде не болатынын айтпақшымын. Өйткенi бұл аян сол ауыр заманның алдын ала белгiленген ақыр соңы жайында.

20Сен көрген қос мүйiздi қошқар Мидия мен Персияның патшаларын бiлдiредi.

21Сабалақ жүндi теке — Греция патшалығын, ал текенiң екi көзiнiң арасындағы дәу мүйiзi — сол патшалықтың алғашқы патшасын бейнелейдi.*

22Ал сынып қалған мүйiздiң орнына шыққан төрт мүйiз — оның халқынан пайда болатын төрт патшалықты бiлдiредi.* Бiрақ солардың күштерi онiкiмен тең келмейтiн болады.

23Осы патшалықтардың билiгiнiң соңғы кезеңiнде, яғни (Құдайға қарсы) бас көтерушiлер зұлымдыққа әбден бой алдырған кезде,* айлакерлiгi асқан бiр қара бет патша шығады.

24Ол қатты күшейедi, бiрақ өзiнiң күш-қуатымен емес. Сол қара бет патша таңғалдыратындай ғаламат ойран туғызып, не iстегiсi келсе де, сонысын жүзеге асырып отырады. Ол күштi басшыларды әрi Құдайға бағышталған халықты ойрандап кетедi.

25Әлгi патша асқан ақылдылықпен алдамшы жоспарларын жүзеге асырып, асқақтап өркөкiректенетiн болады. Патша алаңдамай жай отырған көптеген адамды қырып-жойып, тiптi әмiршiлердiң Әмiршiсi — Құдайдың Өзiне қарсы бас көтередi. Алайда ол құритын болады, бiрақ құруы адам баласының қолынан болмайды.

26Жаңағы аянда (екi мың үш жүз) күн мен түн туралы берiлген мәлiмет* нағыз шындық. Алайда аян алыс болашақта ғана орындалатын оқиғалар туралы болғандықтан, сен оны мөрлеп сақтап қой!

27Мен, Даниял, қатты қалжырап-шаршап бiрнеше күн бойы ауырып жаттым. Содан кейiн орнымнан тұрып, қайтадан патшаның iсiне кiрiстiм. Осы көрген аяныма қатты абыржыдым. Ол түсiнiктен тым жоғары болды.

9

Даниялдың өз халқы үшiн мiнажат етуi


1Ахасуерұлы мидиялық Дарийдың Бабыл елiне* патшалық құруының бiрiншi жылы болатын.**

2Сол кезде мен, Даниял, Киелi жазбаларды оқып жатқанда Жаратқан Иенiң Еремия пайғамбарға жеткiзген хабарынан Иерусалимнiң қаңырап бос қалуының жетпiс жылға созылуға тиiс екенiн ұқтым.*

3Содан мен оразаұстап, Құдай Иеге сиынып мiнажат еттiм. Қатты қайғырып азалы киiм киiп, басыма күл сеуiп, Оның рақым етуiн* сұрап жалбарындым.

4Құдай Иеме сиынып тұрып, былай деп күнәларымызды мойындадым:

«Уа, Тәңiр Ием,ұлы да айбынды Құдай! Сен Өзiңдi сүйiп, тапсырған өсиеттерiңдiұстанатындарға келiсiмiңдегi уәделерiңдi адалдықпен орындап, мызғымас мейiрiмiңдi көрсетесiң!

5Бiз (исраилдiктер) күнә жасап, iс-әрекетiмiз әдiлетсiз болып келдi. Бiз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтерiп, бұйырған өсиеттерiң мен заңдарыңнан бас тарттық.

6Бiздiң патшаларымыз, әмiршiлерiмiз, ақсақалдарымыз, жалпы елiмiздiң бүкiл халқына Сенiң хабарларыңды жеткiзген қызметшiлерiң — пайғамбарларды да тыңдамай кеттiк.

7Уа, Тәңiр Ие, Сен әдiлсiң, ал бүгiнгi күнi бiз қара бет болдық. Бәрiмiз де — Яһуда мен Иерусалимнiң адамдары әрi алыстағы да, жақындағы да бүкiл Исраил халқы саған сенiмсiз болғандықтан әр түрлi елдерге тарап кетiп,ұятқа қалып отырмыз.

8Уа, Ием, Өзiңе қарсы күнә жасағанымызға бола бәрiмiз де, патшаларымыз, әмiршiлерiмiз бен ақсақалдарымызды қоса, түгелдей қара бет болдық.

9Құдай Иемiз мейiрiмдi де кешiрiмдi, ал бiз Оның Өзiне қарсы шығып,

10мойынсұнбадық. Жаратқан Иемiз Өзiнiң қызметшiлерi — жiберген пайғамбарлары арқылы берген тәлiмiнiң тура жолымен жүрген де жоқпыз.

11Осылайша бiз, бүкiл Исраил халқы, Таураттағы заңыңды бұзып, Саған мойынсұнудан бас тартып, сырт бұрылып кеттiк.*

Сондықтан да күнә жасап келген бiздiң басымызға Құдайдың қызметшiсi Мұса ежелде Тауратта жазып қалдырған қарғыс және антпен бекiтiлген жаза төгiлдi.


12Өзiңнiң бiзге және билеушiлерiмiзге айтқан сөздерiңдi жүзеге асырып, бiздi зор апатқа душар еттiң. Иерусалимнiң басына түскендей ауыр апат бұрын-соңды аспан астында болған емес.

13Мұса Тауратта алдын ала жазып қалдырғандай,* сол ауыр апат түгелдей басымызға түстi. Солай болса да, бiз күнәларымыздан бас тартып, Құдай Иемiздiң шынайы iлiмiн** ұғынуға көңiл бөлген жоқпыз, Оның рақым көрсетуiн сұрап жалбарынбадық та.***

14Осылайша Жаратқан Ие Өзi алдын ала бiлдiрген осы қасiреттердi бiзге жiбердi, себебi Оның айтқандарына құлақ асқан жоқпыз. Ал Құдай Иемiз Өзiнiң бүкiл iс-әрекетiнде әдiл.

15Ал ендi, уа, Құдай Иемiз, Сен ежелде халқыңды құдiреттi қолыңмен Мысырдан құтқарып алып шықтың,* соған бола Сенiң даңқың күнi бүгiнге дейiн жер бетiне жайылып келедi. Алайда бiз күнә жасап, жамандыққа салынып келемiз.

16Уа, Жаратқан Ие, Сенiң адалдығың мен мейiрiмiңе бола Өзiңнiң қалаң Иерусалимге және Өзiңе бағыштаған Сион тауыңа* деген қаһарлы ашуыңнан қайта гөр! Өзiмiздiң күнәларымыз әрi ата-бабаларымыздың әдiлетсiз iстерi Иерусалимдi және Өзiңнiң халқыңды айналамыздағы барлық халықтардың мазағына айналдырды.

17Уа, Құдайымыз, мендей пендеңнiң* мiнажаттары мен өтiнiштерiне құлақ сала гөр! Қаңырап бос тұрған киелi үйiңе өз даңқың үшiн қайтадан оң көзiңмен қарай гөр!

18Уа, Құдай, құлағыңды бұрып, назар аудара гөр! Өз атыңмен аталған қаланың қаңырап бос жатқанына көз сала гөр! Бiз өз әдiлдiгiмiзге емес, тек Сенiң орасан рақымыңа ғана сүйенiп Өзiңе өтiнiш жасаймыз.

19Уа, Тәңiр Ие, құлақ сала гөр! Уа, Иемiз, кешiре гөр! Тәңiрiмiз, үнiмiздi естiп, өтiнiшiмiзге жауап бере гөр! Өз даңқың үшiн, уа Құдайым, оныұзаққа соза көрме! Өйткенi өз қалаң да, халқың да Сенiң атыңмен аталған.

Жәбiрейiлдiң жетпiс рет «жетi» кезең туралы жеткiзген хабары


20Мен осылай деп мiнажат етiп, өз күнәм мен халқым Исраилдың күнәсын мойындап, Жаратқан Иеге Өзiне бағышталған Сион тауы үшiн жалбарынып тұрдым.

21Мен сиынып жатқан сол кезде-ақ алғашқы аянымда адам кейпiнде көрген Жәбiрейiл перiште лездеұшып келдi.* Бұл кешкi құрбандықұсынылу уақытының шамасы** едi.

22Жәбiрейiл маған былай деп тәлiм бердi:

— Даниял, бұл жолы мен саған түсiнiк пен бiлiм беру үшiн келдiм.

23Сен сиына бастаған мезетте-ақ жауабы берiлген едi. Қазiр соны саған жеткiзуге келiп отырмын, себебi сен Құдайға өтеұнамдысың. Сондықтан мынаған көңiлiңдi бөлiп, оны түсiн:

24Сендердiң әдiлетсiз iстерiңдi тоқтатып, күнәларыңды қойып, зұлымдықтың құнын өтеу үшiн, әрi мәңгiлiк әдiлдiктi әкелiп, аяндар мен пайғамбарлық сөздердi бекiтiп, ғибадатханадағы ең киелi бөлiмдi қайтадан Құдайға бағыштау үшiн* сенiң халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпiс рет «жетi» кезең белгiленген.**

25Сондықтан мынаны ұғып, бiлiп ал: Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық шыққан кезден бастап, Құдай тағайындаған Билеушi* келетiн уақытқа дейiн жетi рет «жетi» және алпыс екi рет «жетi» кезең өтедi. Қала өзiнiң алаңы, айналасындағы қамалымен бiрге қайтадан салынады, бiрақ бұл қиын-қыстау кезеңде болады.

26Алпыс екi рет «жетi» кезең өткен соң Құдай тағайындаған Билеушi құрбан етiледi,* Оның қолында түк жоқ болып қалады.** Өзге бiр билеушi әскерлерiмен келiп, қаланы да, киелi үйдi де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейiн соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады.

27Билеушi бiр «жетi» кезеңге халықтың көпшiлiгiмен келiсiм жасап бекiтедi. Сол бiр «жетi» кезеңнiң ортасында ол Құдай Тағалаға арнап құрбандық пен сый-тарту ұсынуды тоқтатады. Ғибадатхананың бiр бөлiгiнде қаңырап бос қалдыратын жиiркенiштi бiр нәрсенi* орнатады. Зұлым билеушiге белгiленген қаһарлы жаза оның басына төгiлгенше осы жиiркенiштi нәрсе сол жерде тұра беретiн болады.

10

Көктен келген хабаршының Даниялға аян беруi


1Парсы патшасы Кирдiң Бабылға билiк құрған үшiншi жылы* Белшазар деп те аталған Даниялға Құдайдың хабары жеттi. Осы шынайы хабар үлкен соғыс пен ауыр кезең туралы болды.** Даниял көрген тағы бiр аянында сол хабар туралы түсiнiк алып, мәнiнұқты.

2Сол күндерi мен, Даниял, үш апта бойы қайғырып,

3дәмдi тағамдардан, ет пен шараптан бас тарттым. Сондай-ақ, толық үш апта бойы денеме май жақпадым да.*

4Бiрiншi айдың жиырма төртi күнi* үлкен дарияның, яғни Тигр өзенiнiң жағасында тұр екенмiн.

5Басымды көтерiп қарсы алдыма көз салсам, ақ бәтестен киiм киген,* белiн саф алтын** белбеумен буған бiр кiсiнi көрдiм.

6Оның денесi хризолит атты жылтыраған асыл тас* сияқты, жүзi найзағайдың жарқылындай, көздерi жалындаған алаулар iспеттi, қол-аяғы жылтыратылған қоладай жалтырап тұрды. Ал даусы үлкен тобырдың даусындай гүрiлдедi.

7Сол аянды жалғыз мен, Даниял, ғана көрдiм. Қасымда болған адамдар оны көрген жоқ, бiрақ олар зәрелерiұшып қорқып, қашып кеттi де тығылып қалды.

8Осылай жалғыз қалған мен осыұлы аяннан көз алмадым. Қатты әлсiреп, өңiм құп-қу болып, дәрменсiз қалдым.

9Содан соң оның сөйлеген даусын естiдiм. Естiген кезде мен есiмнен танып, жерге етпетiмнен жата кеттiм.

10Бiрақ бiр қол денеме тиiп, менi дiрiлдеген күйiмде төрттағандап тұрғызып,

11былай дедi:

— Уа, Даниял, қымбатты жан,* айтатын сөздерiмдi мұқият тыңдап,ұғып ал! Мен саған жiберiлдiм, ендi түрегел! — Ол осыны айтып жатқанда мен дiрiлдеп орнымнан тұрдым.


12Содан соң ол сөзiн жалғастырып былай дедi:

— Қорықпа, Даниял. Себебi сол мәселенi түсiнугеұмтылып, Құдай Иеңе бойсұнып сиына бастаған алғашқы күнi-ақ мiнажатың Құдайдың құлағына жеткен едi. Мен сенiң сол мiнажатыңа бола келiп отырмын.


13Ал парсы патшалығының рухани әмiршiсi* маған жиырма бiр күн бойы қарсы шығып, жолымды бөгеп келдi. Сонда бас перiштелердiң бiрi, Миқаил,** маған көмекке келдi. Себебi парсы патшасы менi жiбермей бөгеп жатты.***

14Ендi мен саған келешекте халқыңмен не болатынын түсiндiруге келдiм. Сол көретiн аяның алдағы заманға қатысты.

15Ол маған осыларды айтқан кезде мен басымды жерге дейiн иiп, үнсiз қалдым.

16Кенеттен адам баласынаұқсаған бiреу ернiме саусағын тигiздi. Сонда мен алдымда тұрғанға былай дей бастадым:

— Мырзам, көрген аянымнан мен қатты қиналып, әбден дәрменсiз болып қалдым.

17Қалайша мен, жай пендеңiз, сiзбен сөйлесе аламын, мырзам? Күш-қуаттан айырылып, демiмдi әзер алып тұрмын.

18Сонда адам баласынаұқсаған әлгi бiреу маған тағы да саусағын тигiзiп, күш-қуат дарытты да былай дедi:

19«Еш нәрседен қорықпа, қымбатты жан! Аман-есен, күштi де батыл бол!»

Ол маған осылай айтып тұрған кезде күш-қуатым артып:

— Мырзам, сiз маған күш-қуат дарытқандықтан, айтпақ болғандарыңызды айта берiңiз! — дедiм.

20Оның жауабы мынау болды:

— Менiң өзiңе неге келгенiмдi бiлесiң бе? Жуырда мен Персияның рухани әмiршiсiмен күресуге қайтып барамын. Мен кеткеннен кейiн Грекияның рухани әмiршiсi де келетiн болады.

21Бiрақ алдымен мен саған «Ақиқат кiтабында»* не жазылғанын айтып беремiн. Сенiң халқыңды қорғаушы бас перiште Миқаилдан** өзге сол рухани әмiршiлерге қарсы тұрып, менi қолдап-қуаттайтын ешкiм болмайды.

11


1Мен де мидиялық Дарийдiң билiк құрған бiрiншi жылынан бастап оны* қолдап-қорғап келемiн.

Парсы мен грек патшалықтары


2Ал ендi, мен саған болашақта шынымен орын алатын оқиғаларды көрсетемiн. Парсы елiнде тағы үш патша билiк құрады, ал төртiншiсi* бұрынғылардан әлдеқайда бай болады. Ол сол байлығымен күш жинап, барлық адамдарын грек патшалығына қарсы аттандырады.**

3Бұдан кейiн (Грекияда) бiр ерекше мықты патша пайда болады.* Ол зор күшпен билiк құрып, өз қалауымен iс-әрекет жасайды.

4Алайда әбден күшейген кезде оның патшалығы ыдырап, төртке бөлiнiп кетедi.* Оның билiгi басқаларға берiлiп,** өзiнiңұрпақтарына бұйырмайды. Патшалықтың бұрынғы күш-қуаты да қалмайды.

Солтүстiк пен Мысыр патшалықтарының өзара соғысуы


5Сол тұста оңтүстiктегi елдiң (яғни Мысырдың) патшасы* күшейедi. Бiрақ (өлген грек патшасының)** бiр қолбасшысы Мысыр патшасынан да күштi болып, оның билiгi әлдеқайда үлкейiп кетедi.

6Бiрнеше жылдан соң екеуi одақтасып, келiсiмдерiн бекiту үшiн Мысыр патшасы өз қызын солтүстiктiң патшасына* ұзатады. Бiрақ сол ханым ықпалынан айырылып, күйеуiнiң өзi де, оның күш-қуаты даұзаққа жетпейдi. Сол кездерде ханымның өзi мен ерiп келген нөкерлерi, оның әкесi** және ханымды жақтаған күйеуi де бақытсыздыққа ұшырайды.***

7Кейiн ханымның әулетiнен шыққан бiреу Мысырға билiк құрады. Ол солтүстiк патшасының әскерiне қарсы аттанып, оның қамалына басып кiрiп, жеңiске жетедi.

8Мысыр патшасы солтүстiктегi мемлекеттiң жалған тәңiрлерiн, қола мүсiндерiн және бағалы алтын, күмiс бұйымдарын олжалап, өз елiне алып кетедi. Содан бiрнеше жыл бойы солтүстiк патшасына тыныштық бередi.

9Алайда солтүстiк патшасы кейiнiрек Мысыр патшалығына шабуыл жасайды, бiрақ өз елiне қайта оралуға мәжбүр болады.

10Оныңұлдары да соғысқа дайындалып, үлкен қарулы күш жасақтайды. Сол әскер асып-тасыған судай елдi басып алып, Мысыр патшасының қамалына дейiн жетедi.

11Қатты қаһарланған Мысыр патшасы қарсы аттанып, солтүстiк патшасына бас салып, оның жинаған үлкен әскерi Құдайдың еркiмен Мысыр патшасының қолына түседi.

12Мысыр патшасы әскердi қолға түсiрiп, айдап әкеткенiне өркөкiректенiп, сан мыңдаған адамдарды құртады. Бiрақ оның жеңiсiұзаққа созылмайды.

13Себебi солтүстiк патшасы бұрынғыдан да үлкен әскер жинап, бiрнеше жылдан кейiн толықтай жарақтанған қуатты әскерiмен оған қайтадан шабуыл жасайды.

14Сол кездерi көп адамдар Мысыр патшасына қарсы бас көтередi. Сенiң халқыңның арасынан да кейбiр қанiшер бүлiкшiлер өз армандарын* жүзеге асыру үшiн көтерiлетiн болады, бiрақ олар жеңiледi.

15Ал солтүстiк патшасы әскерiмен аттанып, Мысырдағы жақсы бекiнген қаланы қоршап алып, топырақтан биiк етiп үйiп дуал жасап, қаланы басып алады. Мысыр әскерiнiң, тiптi ең таңдаулы бөлiмдерiнiң де жауға тойтарыс беретiн еш қауқары қалмайды.

16Осылайша басқыншы қалағандарын iстеп, оған қарсы тұратын ешбiр адам болмайды. Ол «көрiктi елге»* қосын тiгiп, зорлық-зомбылық көрсетедi.

17Осы солтүстiк патшасы бүкiл мемлекетiнiң күш-қуатымен Мысырға аттануға бел буып, сол елмен одақтасу шарттарын алға қойып, жүзеге асырады. Мысыр патшалығын тәуелсiздiгiнен айыру үшiн оның патшасына қызын бередi.* Бiрақ бұл жоспары** табыссыз болып, онысынан еш нәтиже шықпайды.

18Кейiн солтүстiк патшасы теңiз жағалауларындағы елдерге* аттанып, көп адамды қолға түсiредi. Алайда бiр қолбасшы патшаның көрсеткен зорлық-зомбылығын тоқтатып, солардың есесiн қайтарады да.

19Содан солтүстiк патшасы өз елiнiң бекiнiстерiне қарай беттейдi, бiрақ ол жеңiлiп, iз-түзсiз құрып кетедi.

20Оның мұрагерi таққа отырған соң, патшалық салтанатқа қаржы жетерлiк болуы үшiн алым-салық жинайтын қанаушыны қол астындағы елдерiн аралатып жiбередi. Ал азғана уақыттан кейiн патша не соғыста емес, не бiреудiң қаһарынан емес, өзге бiр себептен құриды.

Жексұрын билеушi


21Оның орнына патшалық қадiр-құрмет бұйырылмаған бiр жексұрын адам билiк құрады.* Ол бейбiт кезде барып, патшалықты айлакерлiкпен қолына түсiрiп алады.

22Оғанұлан-ғайыр қарулы күштер қарсы тұра алмай, олар да, келiсiм жасасқан билеушiнiң* өзi де күйреп, ғайып болады.

23Жексұрын патша келiсiм жасағанмен, қулық-сұмдықпен әрекет етедi. Азғана адамдардың қолдауымен күшейiп алады.

24Ата-бабалары iстеп көрмеген зұлымдықты iстеп, бейбiт жатқан құнарлы, бай аймақтарға кенеттен басып кiредi. Олжалап қолға түсiрген дүние-мүлiктi нөкерлерiне үлестiрiп бередi. Қамалды қалаларға қарсы айлалы жоспар құрса да, онысыұзаққа созылмайды.

25Кейiн ол батылы барып, Мысыр патшасына* қарсы үлкен әскер аттандырады. Сол патша әлдеқайда үлкен де қуатты әскерiмен аттанып, соғысса да, оның тойтарыс беретiн шамасы болмайды. Себебi өзiне қарсы астыртын әрекет жасалып,

26дастарқанынан дәм татқан өз адамдары оған сатқындық жасайды. Сондықтан Мысыр патшасының әскерi күйреп, көп адамдары қаза табады.

27Кейiн осы екi патша бiр дастарқанның басында отырып, iштей бiр-бiрiне жамандық ойлап, жалғандық айтатын болады. Бiрақ бұдан еш нәтиже шықпайды. Себебi Құдай белгiлеген уақытта iстiң соңы болады.

28Солтүстiк патшасы елiне көп байлықпен қайта оралады. Жолшыбай ол Құдай қасиеттi келiсiмiн жасаған Исраил елiне қастық ойлап, сонысын iске асырады да, өз елiне қайтады.

29Кейiн уақыты келгенде* солтүстiк патшасы қайтадан Мысырға аттанып, басып кiредi. Бiрақ бұл жорығы бұрынғысындай табысты болмайды.

30Себебi теңiздiң батыс жағалауларындағы елден* кемелер оған қарсы шығады да, ол батылдығынан айырылып, елiне қарай керi шегiнедi. Қатты ашуланған солтүстiк патшасы Құдаймен қасиеттi келiсiм жасаған Исраил халқына қаһарын төкпек болады. Сондықтан ол өз елiне қайта оралып бара жатқанда, қасиеттi келiсiмнен безiп кеткендерге ықылас танытып, дем бередi.

31Сол жерге әскер бөлiмiн орналастырады. Олар қамалмен бекiнген киелi үйге басып кiрiп, оны арамдайды да, Құдайға арналған күнделiктi құрбандық шалуды тоқтатып, киелi үйде оны қаңыратып бос қалдыратын жексұрын нәрсенi орнатады.*

32Солтүстiк патшасы қасиеттi келiсiмдi бұзғандарға жағымпазданып, оларды Құдай жолынан бұрынғыдан бетер тайдырады. Алайда Құдайға сенiмдiлер берiк болып, оған тойтарыс беретiн болады.*

33Халық арасындағы даналар көп адамға түсiнiк* бередi. Бiрақ едәуiр уақыт бойы олар қатты қудаланып, қылыштың жүзiнен не өрттен шейiт болады немесе құлдыққа түсiп не тоналып жүретiн болады.

34Олар сондай азап шеккенде адамдардан бiраз көмек көрсе де, өздерiне қосылғандардың көбiнiң ниеттерi адал болмайды.

35Ал (Құдайға сенiмдi) даналардың арасындағы бiрнешеуi шейiт болулары арқылы* сынақтан өтiп, осы ауыр кезеңнiң соңына дейiн тазарып, ақталатын болады. Себебi сол кезеңнiң Құдай белгiлеген соңы келгенше әлi де бiраз уақыт бар.

Тым асқақтап өркөкiректенген патша


36Әлгi солтүстiк патшасы өз бетiмен жүрiп, өркөкiректенедi. Өзiн тәңiр атаулыдан жоғарымын деп санап, тiптi Құдай Иенiң Өзiне қарсы небiр балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкiмiн жүзеге асырғанша* бұл патша онысымен табысты болады. Себебi сол алдын ала белгiленген оқиғалар** орындалуға тиiс.

37Патша не өз ата-бабалары сиынған жалған тәңiрлерге, не әйелдерұнатқан бiреуiне,* не басқа да жалған тәңiрге құрмет көрсетпей, өзiн-өзi бәрiнен де жоғары қоятын болады.

38Олардың орнына ол «қамалдардың тәңiрiне» табынып, ата-бабалары танымаған сол жалған тәңiрдi алтын, күмiс, асыл тас және басқа әр түрлi қымбат сыйлықтармен дәрiптейдi.

39Патша ең қуатты қамалдарды сол бөтен тәңiрдiң көмегiмен басып алады. Өзiне* мойынсұнғандарға ерекше сый берiп, оларды көптеген халықтың үстiнен басқарушы етiп қойып, жердi ақшаға сататын болады.

40Сол заманның соңында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бiрақ солтүстiк патшасы өзiнiң жарақталған соғыс күймелерiмен, атты әскерiмен және көптеген әскери кемелерiмен оған қарсы құйындай шүйiледi де, көптеген елдердi жаулап алып, топан судай жайпап өтедi.

41Ол «көрiктi елге»* де басып кiредi. Көптеген елдер оның соққысынан құлайды, ал Едом, Моаб, Аммон халықтарының ақсүйектерi оның қолынан сытылып кетедi.

42Солтүстiк патшасы тағы да көптеген елдерге билiк жүргiзiп, Мысыр патшалығы да одан құтыла алмайды.

43Патша Мысырдың алтын, күмiс және басқа да бүкiл қазыналарына ие болып, либиялықтар мен құштықтар* да оған мойынсұнып, соңынан еретiн болады.

44Бiрақ патшалығының солтүстiк және шығыс аймақтарынан келген суық хабарлар оны алаңдатып, патша долданған күйi көптеген адамдарды құртып, ойрандау үшiн сонда кетедi.

45Жолшыбай ол өзiнiң патшалық шатырын теңiз бен көрiктi де қасиеттi Сион тауының арасына тiгедi. Бiрақ патшаның дәуренi өтiп, оған қолұшын беретiн ешкiм де болмайды.

12

Қиын-қыстау кезең


1Сол кезде сенiң халқыңды қорғаушы бас перiште* Миқаил шығады. Бұл халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенiң халқың, яғни есiмдерi арнайы кiтапқа** енгiзiлгендердiң барлығы құтқарылады.

Өлгендердiң қияметтегi қайта тiрiлуi


2Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендердiң кейбiреулерi мәңгiлiк өмiрге ие болу үшiн, қалғандары мәңгiлiкұят-масқараға қалу үшiн қайта тiрiлетiн болады.

3Даналар аспан кеңiстiгi сияқты нұрланады, көптеген адамдарды әдiлдiк жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгi-бақи жарқырап тұратын болады.

4Ал өзiң, Даниял, осы сөздердi жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейiн кiтапты мөрлеп бекiтiп қой. Көптеген адамдар оны мұқият қарап шығып, бiлiмдерi молая түсетiн болады,* — деп көктен келген хабаршы сөзiн тамамдады.

Даниялдың көрген соңғы аяны әрi қорытынды


5Бұдан кейiн мен, Даниял, қарасам, басқа екi хабаршы пайда болыпты. Олардың бiреуi өзеннiң бiр жағасында, екiншiсi қарама-қарсы жағасында тұр екен.

6Солардың бiреуi үстiне ақ бәтес киiм киген, өзен суының үстiнде тұрған жаңағы хабаршыдан:*

— Осы таңғаларлық ғажап оқиғалар жүзеге асқанға дейiн қанша уақыт өтуге тиiс? — деп сұрады.


7Ақ бәтес киiнген, өзен суының үстiнде тұрған хабаршы екi қолын да аспанға қарай көтерiп, мәңгi тiрi Тәңiрдiң атымен ант етiп былай дедi:

— Бұның бәрi бiр мерзiм, екi мерзiм және жарты мерзiмге созылады! Құдайға бағышталған халықтың күшi түбегейлi күйрегенде осы оқиғалар аяқталады!


8Мен оның айтқанын естiсем де, түсiнбедiм. Сондықтан мен одан:

— Мырзам, мұның бәрiнiң соңы не болар екен? — деп сұрадым.

9Хабаршының жауабы мынау болды:

— Даниял, жөнiңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейiн жабылып, сақталып әрi мөрленiп бекiтiлген.

10Көптеген адамдар осы ауыр сынақтардан өтiп, тазарып, мiнсiз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра бередi. Солардың ешқайсысы хабарды түсiнбейдi, тек даналар ғана оның мағынасынұғатын болады.

11Күнделiктi құрбандықұсыну доғартылып, киелi үйдi арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейiн бiр мың екi жүз тоқсан күн өтедi.

12Ал бiр мың үш жүз отыз бес күн күтiп, солар өткенше шыдамдылық танытқан әркiм бақытты болады! *

13Өзiң соңына дейiн өз жолыңмен жүре бер. Сен дүниеден өтiп, тынығасың. Ақыр заманда қайта тiрiлiп (Құдайдың Патшалығындағы) өзiңе дайындалып қойылған үлесiңдi иемденесiң!

13

1

14

1