0


Жазба туралы мәлiмет

Бұл жазбада Дәуiт пайғамбардың Исраилге патшалық құруы баяндалған.

Сырлас досы Жонатан мен оның әкесi Саул патшаның қаза тапқаны жайлы хабар алған Дәуiт оларды жоқтап, Исраил әскерiнiң жеңiлiсiне де қатты қайғырады. Өзi шыққан Яђуда руына қайтып келгенде рубасылары Дәуiттi елдерiнiң патшасы етiп тағайындайды.

Бес жылдан кейiн Исраилдiң өзге рулары да Дәуiттiң патшалық билiгiне мойынсұнады. Дәуiт елдiң жаңа астанасы Иерусалимге Жаратқан Иенiң келiсiм сандығын алып келедi. Патша мұнысымен Исраилдiң шынайы Иесi Құдай екендiгiн мойындап, тек бағынышты қызметшiсi ретiнде Оның меншiктi халқын басқарады. Жаратқан Ие Дәуiтке жар болып, барлық жауларын жеңдiредi.

Патша Тәңiр Иенiң жер бетiндегi тұрағы ретiнде киелi үй салғысы келедi. Бiрақ Құдай оған рұқсат бермей, Өзi Дәуiтке тұрақты «үйiн», яғни одан тарайтын әулеттi сыйлауға сөз бередi. Оның әулетi мәңгi патшалық құратын болады деген уәде ғасырлардан кейiн дүниеге келiп, әдiлдiкпен билiк құратын Мәсiхке меңзейдi.

Ал Дәуiттiң өзi ауыр күнәға батып, ҚЦдайдың қађарына ұшырайды. Терiс iстерiне өкiнгенде Тәңiр Ие оны кешiредi, бiрақ күнәларының зардабынан патшаның өзi және Исраил халқы қатты азап шегедi. Соңында Жаратқан Ие Дәуiт пен халыққа мейiрiмдiлiк танытып, тартуға тиiстi жазаларын жеңiлдетедi.

Дәуiт жазып қалдырған жырлары мен өсиет сөздерiнде Құдайдың шексiз зор рақымын мадақтап, Оның болашақ үшiн берген уәделерiне қатты қуанады. Пайғамбар мұнысымен Ханнаның мадақтау жырының негiзгi мазмұнын қайталайды әрi толықтырады (Патша. 1-ж. 2:1-10; Патша. 2-ж. 23:1-5).

Осы басылымға Патшалықтар туралы екiншi жазбаның Дәуiт пайғамбар жайлы баяндаған басты тараулары енгiзiлген.

1

Дәуiтке жеткен суық хабар


1Саул патша осылай қаза тапқан едi.

Дәуiт амалектiктердi жеңгеннен кейiн Секеләг қалашығына қайта оралып, сол жерде екi күн болды.

2Үшiншi күнi Саулдың әскер қосынан бiреу Секеләгке келе қалды. Ол қайғысының белгiсi ретiнде киiмiн жыртып, басына топырақ сеуiп алыпты. Әлгi кiсi Дәуiттiң алдына келiп, жерге жығыла тағзым еттi.

3Дәуiт:

— Қайдан келдiңұ — деп сұрағанда ол:

— Исраилдiк әскер қосынан келiп тұрмын. Жаудан қашып құтылдым, — дедi.


4— Ал не жағдай болды, айтып бершi!

— Әскер ұрыс майданынан қашып, көбi сол жерде қаза тапты! Саул мен ұлы Жонатан да о дүниеге аттанды. —

5Дәуiт осыны айтқан жiгiттен:

— Саул мен Жонатанның өлгенiн қайдан бiлесiңұ — деп сұрады.

6Сонда жiгiт былай дедi:

— Мен кездейсоқ Гелбуе қыратына барған едiм. Қарасам, Саул сол жерде найзасына сүйенiп отыр екен. Жаудың соғыс күймелерi мен атты әскерi ентелеп, жетiп-ақ қалыпты.

7Артына қараған Саул менi көрiп, қасына шақырды. Мен оған: «Тыңдап тұрмын», — деп жауап бердiм.

8Ол: «Сен кiмсiңұ» — деп сұрады. Мен: «Амалектiкпiн», — дедiм.

9Ол: «Қасыма кел де, менi өлтiр! Жаным шықпай, қиналып жатырмын», — деп бұйырды маған.

10Мен қасына барып, өлтiрiп тастадым. Себебi құлап, ауыр жарақаттанған оның тiрi қала алмайтынына көзiм жеттi. Басындағы тәжi мен бiлегiндегi алтын бiлезiгiн шешiп, осында, тақсыр ием, өзiңiзге алып келдiм.


11Ал Дәуiт қатты қайғырып, үстiндегi киiмiн қапсыра ұстап алды да, жыртып жiбердi. Қасындағы адамдары да осылай еттi.

12Олар семсер жүзiнен қаза тапқан Саул мен Жонатан үшiн, Жаратқан Иенiң әскерi мен бүкiл Исраил елi үшiн кешке дейiн қайғыра жылап, ораза тұтты.


13Содан соң Дәуiт хабаршы жiгiттен:

— Өзiң қай жерлiксiңұ — деп сұрады. Ол:

— Жат жерлiк кiрменiң ұлы, амалектiкпiн, — дедi.

14Дәуiт оған:

— Сен қалайша шiмiрiкпестен Жаратқан Иенiң тағайындаған патшасына қол көтерiп өлiмге қидыңұ!

15-16 Өз обалың өзiңе. Жаратқан Иенiң тағайындаған патшасын өлтiрдiм деп өз аузыңмен айтып, үкiмiңдi өзiң шығардың! — дедi.

Сарбаздарының бiрiн шақырып алып: «Мынаны өлтiр!» — деп бұйырды. Сарбаз келiп, бұйрықты жүзеге асырды.

Саул мен Жонатанды жоқтау


17Дәуiт Саул мен оның ұлы Жонатан туралы жоқтау айтты.

18Кейiн «Садақ жыры» деп аталған осы жыр яђудалықтарға үйретiлсiн деп Дәуiт жарлық та шығарды. Ол «Яшардың кiтабында» жазылған.

Дәуiттiң айтқан жоқтауы мынау едi:


19Уа, Исраил, қыраттарыңда сенiң Мерт боп жатыр мақтан тұтқан ерлерiң! Қалай қаза тапты жауынгерлерiң!

20Ғат қаласына бұл хабарды айтпаңдар, Ашқалон алаңында да жар салмаңдар,

Фiлiстiр қыздары қуанып кетпесiн,

Құдайсыз қыздар мәз боп билемесiн!

21Уа, Гелбуе таулары, үстерiңе
Ендi қайтып ешқашан шық түспесiн,
Лайым жаңбыр да жаумасын жерiңе,
Егiстiктерiң еш өнiм бермесiн!
Өйткенi өз қыраттарыңда қор болды
Қуатты жауынгерлердiң қалқандары,
Саулдың да қалқаны ендi қайтып
Еш майланып-сыланбайтын болады.

22Жойылған жаудың төгiлген қанынан,
Мықты дұшпандарының тәндерiнен
Жонатанның садағы құр қайтпайтын,
Саулдың семсерi де құртпай қоймайтын.

23Саул, ұлы Жонатан екеуi де
Сүйiктi, сүйкiмдi өмiрлерiнде,
Ажырамаған олар өлiмде де.
Бүркiттен бетер зымырай шүйiлдi,
Арыстаннан бетер күштi күрестi!

24Уа, Исраил қыздары, қайғырыңдар,
Сендерге ал қызыл көйлек кигiзген,
Алтынмен киiмдерiңдi көмкерткен
Саул марқұмды зар жылап жоқтаңдар!

25Батырлар шайқаста қалай қаза тапқан,
Қырат басында жатыр Жонатан!

26Жоқтаймын өзiңдi, қайран бауырым,
Жанымдай жақсы көрген сырлас досым!
Мен үшiн адал сүйiспеншiлiгiң
Махаббатынан да артық әйелдiң.

27Батырлардың қаза тапқандары-ай!
Елдерiн қорғап көз жұмғандары-ай!

2

Дәуiттiң Яђуда руына патшалық құруы


1Осыдан кейiн Жаратқан Иенiң еркiн бiлу үшiн Дәуiт:

— Яђуданың қалаларының бiрiне баруым керек пеұ — деп сұрады. Жаратқан Иенiң жауабы мынау болды:

— Иә, сол жерге бар!

— Қайсысына барайынұ

— Хебронға! — деп бұйырды Тәңiр Ие.


2Сонымен Дәуiт екi әйелi: езрелдiк Ахиноғам мен кәрмелдiк Набалдың жесiрi Әбигелдi ертiп алып, сол жаққа көшiп барды.

3Дәуiт қасында жүрген адамдарын да отбасыларымен бiрге iлестiрiп, бәрi Хебронның өзiне және маңындағы қалашықтарға қоныстанды.

4Сонда Яђуда руының адамдары келiп, Дәуiтке май жағу рәсiмiн жасап, оны Яђуданың патшасы етiп тағайындады.

«Ғалақадтағы Ябестiң тұрғындары Саулдың мәйiтiн қабiрге қойыпты» деген хабар Дәуiтке жеткенде,


5ол сол жаққа елшiлерiн жiберiп, оларға: «Тақсыр иелерiң Саулға жақсылық жасап, сүйегiн қабiрге қойғандарың үшiн Жаратқан Ие сендердi жарылқап,

6лайым Өзiнiң мызғымас сүйiспеншiлiгi мен сенiмдiлiгiн көрсете берсiн! Бұл iстегендерiңдi мен де жақсылықпен қайтарамын.

7Сондықтан ер жүрек те күштi бола берiңдер! Тақсыр иелерiң Саул көз жұмды. Ал Яђуда руы менi өздерiнiң патшасы етiп тағайындады» деген сәлемiн жолдады.


8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

3

1

4

1

5

Дәуiттiң бүкiл Исраилге патшалық құруы


1Осыдан кейiн Исраилдiң барлық руларының өкiлдерi Хеброндағы Дәуiтке келiп, былай дедi:

— Сөзiмiзге құлақ сала көрiңiз: сiздiң ет жақын туыстарыңызбыз.

2Бiраз уақыт бұрын, Саул патшалық құрған кезде бүкiл Исраилдi жорыққа бастап жүрген өзiңiз болатынсыз! Жаратқан Ие де сiзге: «Менiң халқым Исраилдi бағатын сенсiң, Исраилдiң көсемi өзiң боласың» деп айтқан.


3Осыдан кейiн Исраилдiң күллi рубасылары Дәуiтке келiп, патша олармен Хебронда Жаратқан Иенiң алдында келiсiм жасады. Олар Дәуiтке май жағу рәсiмiн орындап, Исраилдiң патшасы етiп тағайындады.


4Патшалық құра бастағанда Дәуiттiң жасы отызда едi, ол қырық жыл бойы тақта отырды.

5Хебронда Яђуда руын жетi жыл алты ай, Иерусалимде бүкiл Исраил мен Яђуданы отыз үш жыл басқарды.

Жаңа астана Иерусалим


6Сол кезде патша мен оның жауынгерлерi Иерусалимге қарай аттанып, сонда тұрған ебустiктерге шабуыл жасамақшы болды. Ал ебустiктер: «Дәуiт бұл қалаға кiре алмайды», — деп ойлап, оған: «Мұнда ешқашан кiрмейсiң! Кiре қалсаң, соқырлар мен ақсақтардың өздерi-ақ сенi қуып жiбередi!» — деп мазақтаған болатын.

7Алайда Дәуiт Сион төбесiндегi қамалды басып алып үлгердi. Ол қазiр «Дәуiттiң шађары» деп аталады.

8Сол күнi Дәуiт:

— Кiмде-кiм ебустiктердi шабуылдаймын десе, құдық арқылы қалаға кiрiп, Дәуiттiң жаулары — «ақсақтар мен соқырларға» бас салсын! — деген едi. «Соқыр мен ақсақ сарайға кiрмес» деген мәтел осыған байланысты пайда болды.


9Сонымен Дәуiттiң адамдары су құбырымен өрмелеп, қамалға кiрiп, оны жаулап алды. Дәуiт қорған iшiне орналасып, оны «Дәуiттiң шађары» деп атады. Миллодан бастап iшке қарай айнала үйлер де салдырды.


10Әлемдi Билеушi Жаратқан Ие оған жар болғандықтан, Дәуiт барған сайын күшейе түстi.

11Кейiнiрек Тир патшасы Хирам Дәуiтке елшiлерiн, олармен қоса самырсын ағаштарын, ағаш ұсталары мен тас қалаушыларын жiбердi. Осы мамандар Дәуiтке үй салып бердi.


12Сонда Дәуiт Исраилдiң үстiнен патша болуға өзiн Жаратқан Иенiң бекiтiп, халқы Исраилдiң игiлiгi үшiн патшалық мәртебесiн көтергенiн түсiндi.


13Хеброннан көшiп келiп, Иерусалимде орныққаннан кейiн Дәуiт бұрынғыдан да көп кәнизәк пен әйел алып, ұл-қыздары да көбейдi.

14Иерусалимде дүниеге келген балаларының аттары мыналар: Шаму, Шобаб, Натан, Сүлеймен,

15Ебђар, Әлишуа, Непек, Япия,

16Әлишама, Әлияда мен Әлипәлет.

Фiлiстiрлерге қарсы жорықтар


17Дәуiттiң бүкiл Исраилдiң үстiнен патша болып тағайындалғанын естiгенде барлық фiлiстiр әскерлерi Дәуiттi iздеуге шықты. Бұл туралы хабар алған Дәуiт астананы тастап, бой тасалап, бекiнуге ыңғайлы ылдиға қарай кеттi.

18Ал фiлiстiрлер Рефаим аңғарына келiп, сонда жайыла орналасты.

19Дәуiт Жаратқан Иеден:

— Фiлiстiрлерге қарсы аттанайын баұ Оларды жеңiп шығуыма қол жеткiздiресiң беұ — деп сұрады. Жаратқан Иенiң жауабы мынау болды:

— Аттан! Фiлiстiрлердi жеңiп шығуыңа ешбiр шүбәң болмасын. Оған қолыңды Өзiм жеткiземiн.


20Сонымен Дәуiт Бағал-Перасимге қарай өрлеп, оларды сол жерде жеңдi. Ол: «Су тасқыны жолындағының бәрiн жайпайтынындай, Жаратқан Ие де алдымдағы жау саптарын бұзып-жарды», — дедi. Сондықтан сол жер Бағал-Перасим («Тәңiрдiң бұзып-жарғаны») деп аталды.

21Фiлiстiрлер қашқанда сол жерге өздерi сиынатын тәңiрлерiнiң мүсiндерiн тастап кеткен едi. Дәуiт пен оның сарбаздары соларды бiрге ала кеттi.


22Ал фiлiстiрлер тағы да көтерiлiп келiп, Рефаим аңғарында жайыла орналасты.

23Дәуiт Жаратқан Иенiң еркiн сұрағанда Оның жауабы мынау болды: «Оларға тiкелей қарсы аттанбай, айналып өтiп, арт жағынан тұт ағаштарының алдынан тұтқиылдан тап бер!

24Сен ағаштардың үстiнен басқан қадамдардың дыбысын естiген кезде дайын бол! Бұл Жаратқан Иенiң фiлiстiрлердiң әскерiн шабуға алға шыққанын бiлдiредi».


25Жаратқан Ие ненi бұйырса, Дәуiт солай iстеп фiлiстiрлердi Гебадан Гезерге дейiн қырып-жойды.

6

Келiсiм сандығының Дәуiттiң шађарына әкелiнуi


1Дәуiт қайтадан Исраилдiң күллi таңдаулы ерлерiн — отыз мың адамды жинап алып,

2барлығы Құдайдың келiсiм сандығын Иерусалимге алып келуге Бағала-Яђудаға қарай аттанды. Сандық Әлем Иесiне бағышталған едi. Оның жер бетiндегi тағы сандық қақпағының үстiндегi екi керуб мүсiндерiнiң ортасында орналасқан.

3-4 Дәуiт пен оның адамдары Құдайдың келiсiм сандығын жаңа арбаға орнатып, Әбинадаптың төбе басындағы үйiнен алып шықты. Әбинадаптың екi ұлы Ұза мен Ахио Құдайдың келiсiм сандығы орналасқан арбаны бастап алып жүрдi. Алдында жүрген Ахио болды.

5Дәуiт пен исраилдiктер Жаратқан Иенiң алдында жан сала билеп, шырша ағашынан жасалған әр түрлi аспаптарда, жетiген, шертер, асатаяқ, шыңдауыл, даңғыраларда ойнап, әндетiп келе жатты.


6Салтанатты шеру Нахонның астық бастыратын қырманына жеткен кезде өгiздер арбаны сiлкiп қалып, қисайтып жiбердi. Құлап кетпеу үшiн Ұза қолын созып, келiсiм сандығын ұстап алды.

7Сонда Жаратқан Иенiң қађары Ұзаға лап еттi. Еркiнсiп сандыққа қолын тигiзгенi үшiн Құдай оны жазалап, Ұза сол бойда келiсiм сандығының жанында өлiп кеттi.


8Жаратқан Иенiң қађары Ұзаға бұзып-жара төгiлгендiктен Дәуiт қатты ашулы болды. Сол себептi осы жер бүгiнге дейiн Пәрес-Ұза («Ұзаны бұзып-жарған») деп аталып келедi.

9Дәуiт сол күнi Жаратқан Иенiң келiсiм сандығы маған келсе не болады деп Тәңiр Иеден қатты қорқып,

10келiсiм сандығын өзiнiң шађарына әкелмей, ғаттық Ғабит-Едомның үйiне апарып қойды.

11Жаратқан Иенiң келiсiм сандығы үш ай бойы сол үйде қалып, осы уақыттың iшiнде Жаратқан Ие ғаттық Ғабит-Едом мен оның бүкiл отбасын жарылқады.


12Сонда Дәуiт патшаға:

— «Құдайдың келiсiм сандығының арқасында Жаратқан Ие Ғабит-Едом мен оның барлық иелiгiне ақ батасын қондырды!» — деген хабар жеттi. Содан Дәуiт барып, келiсiм сандығын салтанатпен қуана-қуана өзiнiң шађарына алып келдi.


13Жаратқан Иенiң келiсiм сандығын алып жүрушiлер алты қадам жасаған сайын Дәуiт бiр өгiз бен бiр семiз тоқтыны құрбандыққа шалғызып отырды.

14Ақ бәтестен тiгiлген жеңсiз сырт киiм киiп алған өзi Тәңiрдiң алдында жан сала билеп жүрдi.

15Осылайша Дәуiт пен бүкiл Исраил халқы шаттана дауыстап айқай салып, кернейлетiп Жаратқан Иенiң келiсiм сандығын Иерусалимге алып келе жатты.


16Тәңiрдiң келiсiм сандығы Дәуiттiң шађарына кiре бастағанда, әйелi Саул қызы Михол терезеден қарап тұрған едi. Патшаның Жаратқан Иенiң алдында секiрiп, билеп жүргенiн көрiп, Михол оны iштей менсiнбедi.


17-18 Осылай келiсiм сандығы әкелiнiп, Дәуiт арнайы жасатқан шатырдың iшiне орнатылды. Содан соң Дәуiт күнәның құнын өтеу құрбандықтары мен ризашылық құрбандықтарын шалғызды. Соларды ұсынып болғаннан кейiн Дәуiт халыққа Әлем Иесiнiң атымен бата бердi.

19Патша күллi халыққа, еркек болсын, әйел болсын, жиналған исраилдiктердiң әрқайсысына бiрер домалақ наннан, құрма күлше мен мейiз күлшеден үлестiрiп бердi. Содан соң жұрт үйлерiне тарап кеттi.


20Дәуiт ендi өз отбасына бата берейiн деп сарайына қайтып келгенде Саул қызы Михол алдынан шығып, былай дедi:

— Бүгiн Исраил патшасының дәрежесi қаншама өстi! Ол нөкерлерiнiң, күңдерiнiң алдында ұяттан безген дөрекi әлдекiм құсап шапансыз жүрдi!


21Дәуiт жауап қайтарып:

— Билесем, менi әкеңнiң және оның барлық әулетiнiң орнына таңдап алып, халқы Исраилдiң үстiнен патша етiп қойған Жаратқан Иенiң алдында биледiм!

22Мен өзiмдi бұдан бетер төмендетемiн, өз көзiмше төмен боламын, бiрақ сен айтып отырған күңдердiң алдында сыйға бөленемiн, — дедi.


23Бұдан кейiн Саул қызы Михол өле-өлгенше бала таппады.

7

Құдайдың Дәуiттiң шаңырағы мен патшалығын бекiтуге берген уәдесi


1Сонымен Дәуiт патша сарайына орнығып алып, Жаратқан Ие оған айналасындағы барлық жауларынан тыныштық бердi.

2Сол тұста патша Натан пайғамбарға:

— Мiне, мен балқарағайдан жасалған сарайда тұрып жатырмын, ал Жаратқан Иенiң келiсiм сандығы тек шатырда ғана тұр! — дедi.

3Натан:

— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебi Тәңiр сiзге жар болады, — деп жауап бердi.


4Бiрақ сол түнi Жаратқан Ие Натанға сөзiн арнап былай дедi:

5«Қызметшiм Дәуiтке барып, оған мынаны айт: Сен шынымен жер бетiндегi тұрағым болу үшiн Маған арнап үй салайын деп жатырсың баұ

6Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден осы күнге дейiн үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой.

7Исраилдiктермен бiрге көшiп-қонып жүргенiмде араларында бiр шатырда, кейiннен Келiсiм шатырында тұрып келемiн. Сонда Мен халқым Исраилдi басқарсын деп тағайындаған рубасыларына ешқашан «Маған арнап неге балқарағайдан киелi үй салғызбадыңдарұ!» деп айтқан емеспiн.


8Ал ендi, қызметшiм Дәуiтке мынаны айт: Әлемнiң Иесi былай дейдi: Сенi қой бағып жүрген отарыңнан таңдап алып, халқым Исраилдi басқаруға тағайындаған Менмiн!

9Қайда барсаң да, саған жар болып, өзiңе қарсы шыққан жауларыңды құртып жүрдiм. Сенiң атыңды шығарып, жер бетiндегi ең ұлы адамдар iспеттi даңқты қыламын.

10Мен халқым Исраил үшiн тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырдым. Сол мекендерiнде халқым тыныш өмiр сүрiп, бұдан былай ешкiм оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды.

11Мен халқымды басқаратын билер тағайындаған заманнан берi де жауыздар солай iстеулерiн жалғастырып келедi. Ал ендi Мен саған барлық жауларыңнан тыныштық сыйлаймын.

Жаратқан Ие саған тағы да былай деп отыр: Мен шаңырағыңды бекiтiп, әулетiңе патшалық билiк құрғызбақпын!

12Күндерiң таусылып, ата-бабаларыңа аттанғаныңда, Мен артыңнан бiр ұлыңды тағайындап, патша етiп нығайтамын.

13Маған үй салып беретiн сол болады. Оның патшалық тағын мәңгiлiкке орнатамын.

14Мен оған Әке боламын, ал ол Менiң рухани ұлым болады. Егер ол жамандық iстесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын.

15Мен сенен бұрынғы Саулға деген рақымымды одан алып қойсам да, сенiң ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын.

16Сенiң үйiң мен патшалығың Менiң көз алдымда мәңгiлiкке нығаяды, ұрпақтарыңның патшалық тағы мәңгi тұратын болады».


17Жаратқан Ие аян еткен осы сөздерiнiң бәрiн Натан пайғамбар Дәуiтке айтып бердi.

Дәуiттiң мiнажаты


18Сонда Дәуiт киелi шатырға кiрiп, Жаратқан Иенiң алдында отырып, былай дедi: «Уа, Тәңiрiм, Жаратқан Ие, менi осылай дәрiптейтiнiңдей менiң өзiм, шыққан әулетiм соншама кiмбiзұ

19Бiрақ бұл сен үшiн әлi де аз болып көрiндi, о Жаратқан Ием. Сен алдыңдағы пендеңнiң келешек ұрпақтары туралы да айтып бердiң. Әлде Сен әдетте адам баласына осылай әрекет етесiң беұ

20Уа, Тәңiрiм, Дәуiт Саған тағы не айта аладыұ Сен пендеңдi жақсы бiлесiң ғой, Жаратқан Ие.

21Өз уәдең мен еркiңе сай, Сен осы ұлы iстi орындап, оны алдыңдағы пендеңе бiлдiрдiң.


22Сен қандай ұлысың, уа, Құдай Ием! Құлақтарымызбен естiген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетiн ешкiм де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ.

23Сенiң халқың Исраил сияқты жер бетiнде басқа халық жоқ, себебi Сен оны меншiктi халқың болу үшiн таңдап, Мысырдан азат етiп, көшiрiп алдың. Олардың алдарында жүрiп, ұлы кереметтер, үрей туғызатын ғажап iстер жасай отырып, басқа халықтар мен олардың тәңiрлерiн елден қуып шығардың. Бұл iстердiң барлығымен Сен өз атыңның даңқын асырдың.

24Осылай Исраилдi мәңгiлiкке меншiктi халқың болсын деп Өзiң үшiн бекiтiп қойдың, сондай-ақ олардың сиынатын Құдайы болдың, уа, Жаратқан Ие.


25Ал ендi, өз қызметшiң мен оның әулетi туралы берген уәдеңдi мәңгiлiкке бекiтiп, сөзiңе адал бола гөр.

26Осылайша адамдар: «Әлемнiң Иесi — Исраилдiң үстiнен қарайтын Құдай!» деп, Сенiң атыңның даңқы мәңгiлiкке шығады және пендең Дәуiттiң әулетi Сенiң алдыңда нық тұратын болады.


27Уа, Әлемнiң Иесi, Исраилдiң сиынатын Құдайы, Сен «Шаңырағыңды бекiтемiн» деп маған ашық бiлдiрдiң. Сол себептi қызметшiң осылайша мiнажат етуге батылы барды.

28Уа, Тәңiрiм, Жаратқан Ие, Сен Құдайсың, Сенiң сөздерiң ақиқат, алдыңдағы қызметшiңе осы игiлiктердi уәде еттiң.

29Ал ендi, Сенiң алдыңда мәңгiлiкке үзiлмесiн деп пендеңнiң әулетiн жарылқай гөр, Тәңiрiм. Осыны Өзiң айттың, сол себептен Сенiң ақ батаңмен пендеңнiң ұрпақтары мәңгiлiкке жарылқанатын болады».

8

Дәуiт патшаның жеңiстерi


1Бiраз уақыт өткеннен кейiн Дәуiт фiлiстiрлермен соғысып, оларды жеңiп, өзiне бағындырды. Елдiң басты қаласын фiлiстiрлер қолынан тартып алды.

2Дәуiт моабтықтарды да жеңдi. Оларды жерге жатқызып, арқанмен өлшедi. Арқанның екi рет өлшеуiмен алынғандар өлiмге кесiлiп, толық бiр рет өлшеумен алынғандар тiрi қалды. Сонымен моабтықтар Дәуiтке берiлiп, оған алым-салық төлей бастады.


3Соба елiнiң патшасы Рехоб ұлы Ададәзәр Евфрат өзенiнiң жағасындағы билiгiн қалпына келтiруге аттанғанда Дәуiт оған шабуыл жасап, жеңiп шықты.

4Оның бiр мың жетi жүз атты және жиырма мың жаяу әскерiн тартып алды. Соғыс күймелерiне жегiлетiн барлық жылқылардың сiңiрлерiн кесiп тастап, жүз соғыс күймесiне жетерлiк аттарды ғана қалдырды.


5Соба патшасы Ададәзәрге дамаскiлiк сириялықтар көмекке келе қалғанда, Дәуiт олардың жиырма екi мың жауынгерiн қиратып,

6сол елге өз қарауылдарын орналастырды. Осылай сириялықтар Дәуiтке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтiн болды. Дәуiт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңiске жеткiзiп отырды.


7Дәуiт Ададәзәрдiң нөкерлерiнiң алтын қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келдi.

8Ададәзәрдiң қарауындағы Бета мен Беротай деген екi қаладан Дәуiт патша өте көп мөлшерде қола олжалап алды.


9Хамат патшасы Тоу Дәуiттiң Ададәзәрдiң бүкiл әскерiн жеңгенiн естiгенде,

10өз ұлы Жорамды Дәуiт патшаға жiберiп, жеңiсiмен құттықтаған сәлемiн жолдады. Ададәзәр Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуiтке күмiс, алтын, қоладан жасалған бұйымдарды ала келiп, сыйға тартты.

11-12 Дәуiт бұрынырақ жеңген Едом, Моаб елдерiнен, аммондықтар, фiлiстiрлер және амалектiктерден алынған күмiс пен алтынды, әрi Соба патшасы Ададәзәрден түскен олжаны Жаратқан Иеге бағыштағанындай, бұл бұйымдарды да Тәңiр Иеге арнады.


13Дәуiт Тұзды аңғарда он сегiз мың едомдықты жеңiп келгеннен кейiн де оның атағы кеңiнен жайылды.

14Ол Едом елiне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуiт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңiске жеткiзiп отырды.

Патшаның уәзiрлерi мен нөкерлерi


15Дәуiт күллi халықтың арасында заңдылық пен әдiлдiктi жүзеге асырып, бүкiл Исраилге билiк жүргiздi.

16Сарұя ұлы Жоғаб — әскер қолбасшысы, Ахилуд ұлы Еђошапат — шежiрешi,

17Ахитұб ұлы Садық пен Абиятар ұлы Ахимәлiк — дiни қызметкерлер, Серая — хатшы,

18Еђояда ұлы Бенаях — кереттiк және пелеттiк ұлан бөлiмдерiнiң қолбасшысы болды. Дәуiттiң ұлдары да патшаның қызметiнде тұрды.

9

Жонатанның ұлына көрсетiлген мейiрiм


1Бiр күнi Дәуiт: «Саулдың әулетiнен тiрi қалған бiреу бар ма екен, Жонатан үшiн оған мейiрiмiмдi көрсетейiн!» — деп сұрастырды.

2Кезiнде Саулдың сарайында Сиба есiмдi бiр қызметшiсi болған едi. Дәуiт соны шақыртып:

— Сен Сибасың баұ — деп сұрады. Ол:

— Иә, менмiн, тақсыр! — деп жауап қатты.

3Патша:

— Саулдың әулетiнен бiрде-бiр жанның тiрi қалмағаны маұ Мен соған Құдайдың мейiрiмдi сүйiспеншiлiгiн көрсеткiм келедi, — дедi. Сиба:

— Жонатанның ұлдарының бiреуi әлi де бар, ол екi аяғы майып болған Мепiбосет, — деп жауап бердi.


4-5 — Ол қайдаұ

— Лодебардағы Әмиел ұлы Махирдың үйiнде тұрып жатыр.

Патша соның үйiне кiсiлерiн жiберiп, Мепiбосеттi өзiне алдыртты.


6Дәуiттiң алдына келе салысымен, Саулдың немересi, Жонатанның ұлы Мепiбосет патша алдында басын жерге дейiн иiп тағзым еттi. Дәуiт оған:

— Мепiбосет! — дедi.

— Сiздiң құлыңызбын, — деп жауап бердi ол.

7Дәуiт:

— Қорықпа! Әкең Жонатан үшiн мен саған ұдайы мейiрiм көрсететiн боламын. Атаң Саулдың мал-мүлкiн саған қайтарамын. Сен әрдайым менiң дастарқанымнан тамақ жейтiн боласың, — дедi.

8Мепiбосет басын иiп: «Тақсыр ие, мен сұрауы жоқ өлген ит iспеттiмiн. Сiздiң маған сондай мейiрiм көрсетуiңiзге лайық емеспiн! — дедi.


9Ал Дәуiт Саулдың қызметшiсi Сибаны шақыртып:

— Саул мен оның әулетiне тиiстi мал-мүлiктi иеңнiң немересiнiң қолына тапсырдым.

10Сен өзiң, ұлдарың мен қызметшiлерiң оның жерiн өңдеп, қожайындарыңның кiрiсi болсын деп өнiмiн жинап отырыңдар! Бiрақ иелерiңнiң немересi Мепiбосеттiң өзi тамағын менiң дастарқанымнан iшiп-жейтiн болады, — деп бұйырды. Сибаның он бес ұлы мен жиырма қызметшiсi болыпты.


11— Патша иемнiң алдындағы пендесiне берген бұйрығының бәрiн де орындаймын, — деп жауап бердi Сиба.

Бұдан былай Мепiбосет патшаның бiр ұлы құсап Дәуiттiң дастарқанынан тамақтанатын болды.

12Оның Миха деген кiшкентай ұлы бар едi.

Сонымен Сибаның бүкiл үй-iшi Мепiбосетке қызметшi болды,

13ал екi аяғы майып Мепiбосеттiң өзi Иерусалимде тұрып, патшаның дастарқанынан тамақтанып жүрдi.

10

Аммон мен Сирия әскерлерiнiң шабуылы


1Бұдан бiраз уақыт өткеннен кейiн Аммон халқының патшасы қайтыс болып, орнына ұлы Анон патшалық таққа отырды.

2Дәуiт: «Әкесi маған әрдайым жақсылық жасағандықтан мен де Нахаш ұлы Анонға ұдайы жақсылық жасаймын», — деп ойлап, әкесiнiң қазасына көңiл айту үшiн оған қызметкерлерiн жiбердi. Бiрақ оның елшiлерi Аммон елiне жеткенде,

3бiрнеше аммондық әкiмдерi Анон патшаға: «Дәуiт мына елшiлердi шынымен көңiл айтып, әкеңiзге құрмет көрсету үшiн жiберiп отыр деп ойлайсыз баұ Ол елшiлерiн қаланы барлап, жақсылап бiлiп алып, кейiнiрек өзi әскерiмен келiп, астан-кестенiн шығару үшiн сiзге жiберiп отыр емес пеұ» — дедi.

4Сонда Анон Дәуiттiң қызметкерлерiн ұстап алып, сақалдарын жартысына дейiн қырқып, шапандарын белдерiне дейiн қысқартып қиып, керi қайтарып жiбердi.

5Бұл туралы хабар Дәуiттiң құлағына жеткенде, ол қатты масқараланған елшiлерiнiң алдарынан бiреудi жiберiп, оларға: «Сақалдарың өскенше Иерихонда қала тұрыңдар, содан кейiн қайтып келерсiңдер!» — дегендi айтқызды.


6Дәуiттi өздерiне қарсы өшiктiрiп алғанын көрген аммондықтар өкiлдерiн жұмсап, сириялықтардың Бет-Рехоб және Соба деген екi патшалығынан жиырма мың, Мағаха патшасынан тағы бiр мың, ал Тобтың адамдарынан он екi мың жаяу әскер жалдап алды.


7Дәуiт мұны естiгенде оларға қарсы Жоғабтың басшылығындағы ер жүрек, мықты жауынгерлерден құралған бүкiл әскерiн аттандырды.

8Аммондықтар қаладан шығып, қақпасының жанында шайқасқа дайындалып сап түзедi. Соба мен Рехобтың сириялықтары және Тоб пен Мағаханың адамдары далада бөлек тұрды.

9Жоғаб өз әскерiнiң екi жақтан: алдынан да, артынан да соғысуына тура келiп тұрғанын байқап, Исраилдiң таңдаулы жауынгерлерiнен iрiктеп алып, сириялықтарға қарсы сапқа тұрғызды.

10Әскердiң қалған бөлiгiн аммондықтарға қарсы бастап шығуды Жоғаб туған iнiсi Әбiшайдың қолына бердi.

11Оған былай деп тапсырған болатын: «Егер сириялықтар менi жеңiп бара жатса, сен маған көмекке кел! Ал аммондықтар сенi жеңiп бара жататын болса, мен саған көмекке барамын.

12Батыл бол! Халқымыз үшiн, Құдайымыздың қалалары үшiн мызғымай берiк тұрайық! Ал Жаратқан Ие дұрыс деп тапқанын iстесiн!»

13Жоғаб пен оның жауынгерлерi сириялықтарға тап бергенде олар қаша жөнелдi.

14Олардың қашқанын көрген аммондықтар да Әбiшай бастаған әскерден шегiне қашып, қалаға кiрiп кеттi. Сонда Жоғаб аммондықтарға қарсы жорығын доғарып, Иерусалимге қайта оралды.


15Сириялықтар өздерiнiң исраилдiктерден жеңiлгенiн көрiп, бәрi бiр жерге жиналды.

16Ададәзәр Евфрат өзенiнiң ар жағына елшiлерiн жұмсап, онда тұратын сириялық жасақшыларды шақырды. Олар Еламға келiп, Ададәзәрдiң басшысы Шобақтың қол астына кiрдi.


17Дәуiт бұл туралы бiле сала, Исраилдiң бүкiл жасағын жинап алып, Иордан өзенiн кесiп өтiп, Еламға аттанды. Сириялықтар Дәуiтпен шайқасу үшiн жасақшыларын сапқа тұрғызды.

18Бiрақ олар Исраил әскерiнен қаша жөнелдi. Дәуiттiң жауынгерлерi олардың жетi жүз соғыс күймесiнiң айдаушыларын және қырық мың атты әскерiн өлтiрдi. Сириялық әскердiң қолбасшысы Шобақ та шайқаста ауыр жарақаттанып, сол жерде қаза тапты.


19Ададәзәрге бағынышты барлық патшалар өздерiнiң Исраилден жеңiлгендерiн көргенде Исраилмен бiтiм жасасып, оған бағынатын болды. Сириялықтар ендi қайтып аммондықтарға көмектесуге батылдары бармады.

11

Ауыр күнә


1Келесi жылғы көктемде, патшалар жорыққа шығатын уақытта, Дәуiт Жоғабты, өзiнiң нөкерлерi мен бүкiл Исраил әскерiн жауға қарсы аттандырды. Олар аммондықтарды жаппай қырып, астаналары Раббаны қоршап алды. Бiрақ Дәуiттiң өзi Иерусалимде қалып қойды.


2Бiр күнi кешке қарай Дәуiт төсегiнен тұрып, сарайының төбесiнде әрлi-берлi жүрдi. Төмен қараған ол шомылып жатқан бiр әйелдi көрдi. Әйел өте сұлу екен.

3Дәуiт ол туралы сұрастыру үшiн бiреудi жiберiп, оның Елиям қызы, хеттiк Ұрияның әйелi Барсабия екенiн бiлiп алды.

4Сонда Дәуiт хабаршыларын жiберiп, оны өзiне алдыртты. Әйел келiп, Дәуiт онымен бiрге болды. Кейiн әйел үйiне қайтып кеттi. Бұдан бiрнеше күн бұрын ғана ол айлық етеккiрiнен тазарған болатын.

5Әйел жүктi болып, Дәуiтке: «Аяғым ауыр», — деп хабар жiбердi.


6Сонда Дәуiт соғысып жатқан Жоғабқа: «Маған хеттiк Ұрияны жеткiз!» — деген бұйрық жолдап, Жоғаб сол кiсiнi Дәуiтке жiбердi.

7Ұрия оның алдына келгенде, Дәуiт одан Жоғаб пен әскердiң жағдайы туралы және соғыстың қалай өтiп жатқандығы жайлы сұрастырды.

8Дәуiт соңынан Ұрияға: «Үйiңе барып, жуынып-шайынып демал!» — дедi. Ол сарайдан шығып кеткенде патша оның артынан сыйлық жiбердi.

9Бiрақ Ұрия үйiне бармай, патшаның басқа да нөкерлерiмен бiрге сарайдың кiре берiсiнде түнеп шықты.

10«Ұрия үйiне барған жоқ!» — дегендi естiген кезде, Дәуiт оны қасына шақырып алып:

— Алыс жолдан келдiң ғой, неге үйiңе барып, демалмайсыңұ — деп сұрады.

11Ал Ұрия:

— Келiсiм сандығы және Исраил мен Яђуда әскерi шатырларда тұрып, Жоғаб төрем және сiздiң нөкерлерiңiз ашық далада түнеп жүргенде, мен үйiме барып, iшiп-жеп, әйелiммен бiрге бола алам баұ Сiздiң алдыңызда ант етемiн: мен бұндай нәрсенi iстемеймiн! — деп жауап қайтарды.

12Сонда Дәуiт:

— Олай болса, бүгiн де осында қал, ал ертең сенi қайтарып жiберемiн, — дедi. Сонымен Ұрия сол күнi Иерусалимде қалып қойды. Келесi күнi

13Дәуiт оны iшiп-жесiн деп шақырып, тойдыра мас қылды. Алайда кешке Ұрия тағы да өз үйiне бармай, патшаның нөкерлерiмен бiрге түнедi.


14Сондықтан Дәуiт таңертең Жоғабқа хат жазып, оны Ұриядан берiп жiбердi.

15Хатында ол былай дедi: «Ұрияны ең қатты шайқас болып жатқан майданның алдыңғы шебiне қойып, оны өлiмге қалдырып, өздерiң керi шегiнiп кетiңдер!»


16Сонда Жоғаб қоршалған қаланың ең мықты жауынгерлерi орналасқан жерiне Ұрияны қойды.

17Қаланың адамдары шығып, Жоғабқа шабуыл жасады. Сонда Дәуiттiң бiрнеше жауынгерi қаза тауып, iшiнде хеттiк Ұрия да болды.


18Жоғаб Дәуiтке шайқас туралы толық мәлiмет жiбермек болып,

19хабаршысына былай деп нұсқау бердi:

— Болған шайқас туралы айтып болғаныңда

20патша ашуланып, саған «Қалаға неге тым жақындадыңдар, қабырғадан ататынын бiлмедiңдер меұ


21Еруббесет ұлы Әбимәлiктi кiмнiң өлтiргенiн бiлесiң ғой: Тебес қаласында бiр әйел қабырғадан оның үстiне қол диiрменнiң тасын тастап, өлтiрдi емес пеұ! Неге қамалдың қабырғасына сонша жақындадыңдарұ» десе, оған «Қызметшiңiз хеттiк Ұрия да қаза тапты» деп айтарсың!


22Хабаршы кетiп, Жоғабтың тапсырғандарын Дәуiтке айтып берiп:


23— Қарсыластар бiздi тықсырып, қаладан сыртқа шыға келдi. Бiрақ бiз оларды тойтарып, қала қақпасына дейiн қуып тастадық.

24Сонда олардың садақшылары қызметшiлерiңiздi қала қабырғасынан атты. Патша иемнiң бiрқатар сарбаздары мерт болып, қызметшiңiз хеттiк Ұрия да қаза тапты, — дегенде,

25Дәуiт:

— Сен Жоғабқа: «Осыған бола көңiлiң түспесiн, соғыс болғасын шығын болмай қоймайды да. Қаланың астан-кестенiн шығарғанша шабуылыңды жалғастыра бер!» деп оны жiгерлендiр! — деген бұйрық бердi.


26Ұрияның әйелi күйеуiнiң өлгенiн естiп, оны жоқтап, аза тұтты.

27Жоқтау мерзiмi бiткенде Дәуiт бiреудi жiберiп, әйелдi өз үйiне алдыртты. Ол Дәуiтке әйел болып, бiр ұл туып бердi. Бiрақ Жаратқан Иенiң көз алдында Дәуiттiң iстеген бұл қылығы сұмдық болды.

12

Күнәсы әшкереленген Дәуiттiң шын жүректен өкiнуi


1Содан Жаратқан Ие Дәуiтке Натан пайғамбарды жiбердi. Ол патшаға келiп, былай дедi:

— Бiр қалада екi адам болды. Бiреуi бай, бiреуi кедей екен.

2Байдың малы көп болса,

3кедейдiң сатып алған бiр кiшкентай қозысынан басқа түгi де болмады. Кедей оны бағып-қағып, қозы көз алдында балаларымен бiрге өстi. Ол қожайынының барлы-жоқты тамағын бөлiсiп жеп, оның тостағанынан су iшiп, кеудесiнде ұйықтап, оған өз қызы iспеттi болды.

4Бiр күнi байға бiр жолаушы қонақ келе қалды. Бiрақ бай оған арнап союға өз малын аяп, кедейдiң әлгi тоқтысын тартып алып, содан қонағына тамақ пiсiрiп бердi!


5Дәуiт сол байға қатты ашуланып, Натан пайғамбарға:

— Мәңгi тiрi Жаратқан Иенiң алдында ант етемiн: мұны iстеген адам өлiмге лайық!

6Кедейге мейiрiмсiз болып, осыны iстегенi үшiн ол тоқтының орнын төрт есе етiп толтыруға да мiндеттi! — деп шештi.

7Сонда пайғамбар Дәуiтке:

— Сол адам өзiңсiң! — дедi. — Исраилдiң Құдай Иесi былай дейдi: Мен сенi Исраилдiң үстiнен патша етiп тағайындап, Саулдың қолынан құтқарып келдiм.

8Саған патша иеңнiң сарайы мен әйелдерiн табыстап, Исраил мен Яђуда елдерiн де тапсырдым. Мұның бәрi аз болса, оның үстiне тағы соншама қосып берер едiм.

9Неге Жаратқан Иеңнiң өсиетiн аяқ асты етiп, Оның көз алдында осындай жамандық iстедiңұ! Хеттiк Ұрияны семсермен өлтiртiп, оның әйелiн тартып алып, өзiңе әйел қылдың! Сен Ұрияны аммондықтардың семсерiмен өлтiрттiң!

10Ендеше, Менi елемей, сөзiмдi жерге тастап, хеттiк Ұрияның әйелiн өзiңе әйел қылып алғаның үшiн семсердiң жүзi бұдан былай әрдайым әулетiңе қауiп төндiрiп тұратын болады.

11Жаратқан Ие тағы да мынаны айтады: өз үйiңнiң iшiнен саған қарсы пәле шығарамын! Көзiңнiң алдында әйелдерiңдi алып, басқа бiреуге беремiн, ол тапа-тал түсте сенiң әйелдерiңмен бiрге болмақ.

12Сен жасырын әрекет жасадың, ал Мен осыны бүкiл Исраилдiң көз алдында ашықтан-ашық iстеймiн!


13Сонда Дәуiт Натанға былай дедi:

— Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын!

Натан пайғамбар оған:

— Онда Жаратқан Ие күнәңды кешiрдi. Сен өлiмнен құтылдың.

14Бiрақ осы қылығыңмен Жаратқан Иенi дұшпандарының көзiнше қорлағаның үшiн дүниеге келген ұлың шетiнейтiн болады, — деп жауап бердi.

15Осыны айтып, Натан пайғамбар үйiне қайтып кеттi.

Жаратқан Ие Ұрияның әйелi Дәуiтке туып берген балаға ауру жiберiп, нәресте қатты науқастанып қалды.

16Дәуiт нәресте үшiн Құдайға жалбарына бердi де, ораза тұтып, өз бөлмесiне кiрiп, жерге жатып түнеп жүрдi.

17Әулетiнiң ақсақалдары қасына келiп, орныңнан тұр деп қанша өтiнсе де, ол тұрмай, тамақ та жемей қойды.

18Жетiншi күнi нәресте қайтыс болды. «Бала тiрi кезде бiздiң айтқанымызға құлақ аспаған едi. Баланың шетiнегенiн оған ендi қалай айтамызұ Ол өзiне-өзi бiрдеңе iстеп қоюы ықтимал ғой!» — десiп, Дәуiттiң қызметкерлерi нәрестенiң қайтыс болғанын айтуға бата алмай тұрды.

19Бiрақ Дәуiт қызметкерлерiнiң өзара сыбырласып тұрғанын байқап, ұлының өлгенiн түсiндi. Олардан:

— Бала өлдi меұ — деп сұрады. Олар:

— Иә, өлдi, — деп жауап бердi.

20Сонда Дәуiт жерден тұрып, жуынып, әдеттегiдей маймен сыланып, киiмiн ауыстырды. Содан кейiн Жаратқан Иенiң киелi үйiне барып, сиынды да үйiне қайтып кеттi. Мұнан соң тамақ сұрап, алдына қойылғанды жеп алды.


21Қызметкерлерi Дәуiттен:

— Бұл қалайұ Балаңыз тiрi кезiнде ораза ұстап, жыладыңыз; бiрақ балаңыз өлген едi, ендi орныңыздан тұрып, тамақ жедiңiзұ — деп сұрағанда,

22ол:

— Балам тiрi кезiнде «Кiм бiледi, мүмкiн, Жаратқан Ие маған мейiрiмiн түсiрiп, балам тiрi қаларұ» деген оймен ораза ұстап, жалбарына жыладым.

23Бiрақ ол, мiне, өлдi, неге ендi ораза ұстауым керекұ Бәрiбiр оны қайтара алмаймын ғой. Мен оған барармын, бiрақ ол маған қайтып келмейдi! — деп жауап бердi.


24Содан соң Дәуiт әйелi Барсабияға барып, оны жұбатты. Кейiн онымен бiрге болып, ол ұл туды. Балаға Сүлеймен (мағынасы: сәлемет, тату) деген есiм бердi. Жаратқан Ие сәбидi жақсы көрiп,

25Натан пайғамбар арқылы хабар жiберiп, нәрестеге Едиях (яғни Жаратқан Иенiң сүйiктiсi) деген жанама ат бердi.

Аммондықтардың бағындырылуы


26Сол екi арада Жоғаб аммондық Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, ондағы патшаның мекенiн басып алды.

27Сонда Жоғаб Дәуiтке хабаршыларын жiберiп олардан: «Мен Раббаға қарсы соғысып, қаланың сумен қамтамасыз ететiн бөлiгiн басып та алдым.

28Ендi, қалған әскердi жинап, қалаға қарсы қос тiгiп, оны басып алыңыз. Егер өзiм басып алсам, қала менiң атыммен аталып жүрер», — деген сәлемiн жеткiздi.

29Дәуiт бүкiл әскерiн жинап, Раббаға аттанып, оған шабуыл жасап, басып алды.


30Аммондық патшаның басынан тәжiн шешiп алып, Дәуiт оны өз басына кидi. Тәждiң салмағы шамамен екi пұт саф алтын, әрi асыл таспен безендiрiлген екен. Бұған қоса Дәуiт қаладан өте көп мөлшерде олжалы қайтты.

31Ол қала халқын да алып шығып, ара, сүңгi, балтамен жұмыс iстеуге немесе кiрпiш жасауға мәжбүр қылды. Аммондықтардың күллi қалаларының халқымен де осылай iстедi. Содан соң Дәуiт пен оның барлық адамдары Иерусалимге қайта оралды.

13

1

14

1

15

1

16

1

17

1

18

1

19

1

20

1

21

1

22

1

23

Дәуiттiң соңғы өсиетi



1Мынау Дәуiттiң соңғы өсиетi,
Есей ұлының пайғамбарлық сөздерi,
Жақып сенген Құдай тағайындап,
Мәртебесiн көтерген патшасының —
Исраилдiң сүйiктi жыршысының
Келер ұрпаққа қалдырған өсиетi.

2Мен арқылы Құдай Рухы сөйледi,
Аузымнан Оның сөзi шығып келдi.

3Исраил арқа сүйер жартас — Құдай
Маған бiрде былай деп айтқан едi:

«Халықты әдiлдiкпен басқарушы,
Құдайды қастерлеп билiк құрушы —

4Бұлтсыз аспандағы таңғы шапақтай,
Жерден көк шөп өсiрiп шығаратын
Жаңбырдан кейiнгi күн нұрындай.

5Әулетiмдi Тәңiр Ием бекiткен,
Мәңгi келiсiм жасады менiмен
Барлық жағынан да толық реттелген.
Тәңiр бұл уәдесiн нақты бекiткен.
Ием менi әрқашан қорғамай ма,
Жүрек қалауымды сыйламай маұ

6Ал сұмдар Құдайға жақындамайды,
Олар адамдар қолына да алмайтын
Пайдасыз тiкенектерге ұқсайды.

7Соларды құртпақ болғандар бұл үшiн
Темiр құрал, найза сабын қолданады,
Жатқан жерлерiнде өртеп жояды.

Патшаға ерген батырлар


8Дәуiттiң батырларының аты-жөндерi мынау:

Тахамандық Жошеб-Бәсебет, Үш батырдың басшысы болды. Бiр шайқаста ол сегiз жүз адамды найзасымен түйреп өлтiрген едi.


9Үш батырдың екiншiсi Ахохи немересi Додай ұлы Елазар болатын. Үшеуi (Пас-Дамим деген) жерде шайқасқа жиналып тұрған фiлiстiрлердi масқаралаған кезде ол Дәуiттiң қасында болды. Исраилдiк сарбаздар шегiнгенмен,

10Елазар сол жерде берiк тұрды. Фiлiстiрлердi соға бергеннен қолы әбден шаршап, семсерiне қарысып қалды. Сол күнi Жаратқан Ие оны үлкен жеңiске жеткiздi. Әскер адамдары Елазарға қайта оралғанда оларға өлгендердiң қару-жарақтарын олжалаудан басқа жұмыс болмады.


11Одан кейiнгi батыр ђарарлық Аге ұлы Шамма. Фiлiстiрлер бiрде (Лехиде) бұршақ бiтiк шыққан бiр егiстiктiң қасына жиналған едi. Исраил әскерi олардан қашып кеттi.

12Бiрақ Шамма егiстiктiң ортасында тұрып алып, фiлiстiрлердi қырып-жойып, егiстiктi аман сақтап қалды. Осылайша Жаратқан Ие Шамманы да үлкен жеңiске жеткiздi.


13Егiн орағы кезiнде Отыз басты жауынгердiң үшеуi Адуллам үңгiрiнiң жанындағы Дәуiтке қосылу үшiн сол жерге келдi. Осы кезде фiлiстiр әскерiнiң бiр бөлiгi Рефаим аңғарында қостарын тiктi.

14Бетлехемде де олардың қарауылдары орналасқан едi. Ал Дәуiт жасырынып, бекiнуге ыңғайлы Адулламды паналап жүрдi.

15Сонда Дәуiт: «Шiркiн, маған бiреу Бетлехемдегi қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкелiп берсе ғой!» — деп аңсады.

16Үш батыр фiлiстiр әскер қостарынан бiлдiртпей өтiп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, Дәуiтке әкелдi. Бiрақ Дәуiт суды iшпей, оны Жаратқан Иеге сый-тарту ретiнде ұсынып, төгiп тастады.

17«Тәңiр Ие менi мұны iстеуден сақтай көрсiн! Бастарын өлiмге тiгiп, алып келгендердiң қаны ғой бұл!» — деп, Дәуiт суды iшуден бас тартты. Мiне, сол Үш батырдың iстерi осындай болды.


18Жоғабтың бауыры, Зеруя ұлы Әбiшай Отыз батырдың басшысы едi. Әбiшай сүңгiсiмен үш жүз жауын түйреп өлтiрiп, Үш батырдiкiндей атақты иемдендi.

19Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбiшай Үш батырдың дәрежесiне жете алмады.


20Кәбiселдiк Еходай ұлы Бенаях та ерлiк iстер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күштi екi моабтық жауынгердi өлтiрген сол едi. Бенаях қар жауып тұрған бiр күнi ұраға түсiп, оның iшiндегi арыстанды өлтiрдi.

21Бенаях бiр алып мысырлықтың да көзiн құртты. Мысырлық сүңгiмен қаруланған едi, ал Бенаях оған қарсы бiр таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгiсiн тартып алып, оны сонымен түйреп өлтiрдi.

22Еходай ұлы Бенаяхтың ерлiк iстерi осындай едi. Жаңағы Үш батыр сияқты ол да даңқты жауынгер болатын.

23Отыз батырдың iшiндегi ең даңқтысы сол едi, алайда Үш батырға жете алмады. Дәуiт Бенаяхты өзiнiң жеке сақшыларының басшысы етiп қойды.


24Атақты Отыз батыр мыналар болатын:

Жоғабтың туған iнiсi Асађил, бетлехемдiк Додо ұлы Елханан,

25хародтық Шамма, хародтық Елика,

26пәлеттiк Хелес, текоғалық Икеш ұлы Ирақ,

27анатоттық Әбиезер, хушаттық Мебұннай,

28ахохилық Салмон, нетопаттық Мађарай,

29нетопаттық Бағана ұлы Хелеп, Буняминдегi гибеялық Рибай ұлы Иттай,

30пиратондық Бенаях, нахале-ғағаштық ђиддай;

31арбаттық Әбиғалбон, бархумдық Ғазымаует,

32-33 шағалбондық Әлиахпа, Яшеннiң ұлдары,

33ђарарлық Шама ұлы Жонатан, ђарарлық Шарар ұлы Ахиям,

34мағақаттық Ахасбай ұлы Елiпелет, ғилондық Ахитопел ұлы Елиям,

35кәрмелдiк Хесрай, әрабтық Пағарай,

36собалық Натан ұлы Иғал, ғадтық Бани,

37аммондық Селек, Зеруя ұлы Жоғабтың қару-жарағын тасушы бероттық Нахарай,

38итiрлiк Ғира, итiрлiк Гәреб және

39хеттiк Ұрия.

Батырлардың жалпы саны отыз жетi болды.

24

Патшаның өз бетiмен санақ жүргiзiп, жазалануы


1Жаратқан Ие Исраилге қайтадан қађарланды. Сонда (әзәзiл) Дәуiттi халыққа қарсы қойып: «Бар да, Исраил мен Яђуданы санақтан өткiз!» — деп түрткiледi.

2Патша Жоғаб пен оның қарамағындағы қолбасшыларына:

«Әскер жасындағы халықтың санын бiлгiм келедi. Исраилдiң руларын оңтүстiктегi Бер-Шебадан солтүстiктегi Данға дейiнгi аралықты түгелдей қамтып, халықтың санағын алыңдар!» — деп бұйырды.

3Жоғаб патшаға:

— Әскер жасындағы халқыңыз қаншама көп болғанмен Жаратқан Иеңiз оны жүз есе көбейте көрсiн! Мұны өз көзiмен көрудi тақсыр иеме жазсын! Ал, патшам, мұндай шараны нелiктен iске асырғыңыз келедiұ — деп жауап бердi.

4Алайда патша Жоғаб пен қолбасшыларын өзiнiң бұйрығын орындауға көндiрдi. Олар патшаның қасынан шығып, Исраил халқын санақтан өткiзуге кеттi.


5Жоғаб пен әскер басшылары Иорданды кесiп өтiп, Арогердiң маңында, аңғардағы қалашықтың оңтүстiк жағына қостарын тiгiп, iске кiрiстi. Содан кейiн Ғад руының жерiн аралап, Жазерге,

6мұнан соң Ғалақадқа, Тахтим-Ходши аймағына және Дан-Яғанға барды. Содан кейiн бұрылып, Сидонға қарай бағыт алды да,

7Тир қорғанын және хивтiктер мен қанахандықтардың барлық қалаларын аралап шықты. Соңында Яђуда руының оңтүстiктегi Бер-Шеба қаласына жеттi.

8Осылай олар бүкiл елдi кезiп шығып, тоғыз ай жиырма күннен кейiн Иерусалимге қайтып келдi.


9Жоғаб патшаға халық санағының мына қорытындысын тапсырды: Семсер ұстауға жарамды мықты адамдардың саны Исраилде сегiз жүз мың, Яђудада бес жүз мың адам болды.


10Бiрақ осыдан кейiн Дәуiттiң ар-ұжданы оянып, халықты санақтан өткiзгенiне өкiндi. Жаратқан Иеге: «Мен осыны iстеп, зор күнәға баттым. Өтiнемiн сенен, уа, Жаратқан Ие, қызметшiңнiң күнәсын кешiре гөр. Мен үлкен ақымақтық жасадым», — деп сиынды.


11Дәуiт келесi күнi таңертең төсектен тұрғанда, оның қызметiндегi Ғад пайғамбарға Жаратқан Ие сөзiн арнап былай деген едi:

12«Дәуiтке бар да, мынаны айт: саған бiреуiн таңдап алуға үш жазаны ұсынамын. Таңдап алғаныңды Мен өзiңе қолданамын».


13Сонымен Ғад Дәуiтке барып, былай дедi:

— Қайсысын таңдап аласың: не елiңде жетi жыл бойы ашаршылық жайлағанын ба, не үш ай бойы артыңнан бiр жау әскерiнiң қуғанын ба, не елiңдi үш күн бойы iндет билегенiн беұ Ендi ойланып, өзiмдi жiбергенге қандай жауап қайтаруымды шешiп айта гөр. —


14Дәуiт Ғадқа:

— Қатты қиналып тұрмын! Дегенмен Жаратқан Иенiң қолына түсейiк, Оның мейiрiмi мол ғой. Бiрақ адамдардың қолына түспей-ақ қояйын! — деп жауап бердi.


15Сол себептi Жаратқан Ие таңертеңнен бастап, белгiлеген уақыттың соңына дейiн Исраилге iндет жайлатты. Солтүстiктегi Даннан оңтүстiктегi Бер-Шебаға дейiн жетпiс мың ер адам өлдi.

16Халықты қырып жатқан перiште ендi Иерусалимдi де құрту үшiн қолын соза бергенде, Жаратқан Ие болып жатқан апат туралы аяушылық танытып, перiштеге: «Жетер ендi, қолыңды тарт!» — деп бұйырды. Сол кезде Жаратқан Иенiң перiштесi ебустiк Орнаның астық бастыратын қырманының қасында болған едi.


17Дәуiт халықты қырып жатқан перiштенi байқап қалып Жаратқан Иеге:

— Күнәға батқан мен ғой! Менiң өзiм терiс iс жасадым. Бiрақ қарамағымдағы осы «қойларым» не iстедiұ Олардың орнына өзiмдi және отбасымды жазалай гөр! — деп жалынды.

Патшаның арнайы құрбандықтар ұсынып, кешiрiлуi


18Сол күнi Ғад пайғамбар Дәуiтке келiп: «Ебустiк Орнаның астық бастыратын қырманына өрлеп барып, сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғыз», — дедi.

19Дәуiт Жаратқан Иенiң бұйрығын орындау үшiн солай қарай өрледi.

20Орна бұл кезде астық бастырып жатқан едi. Ол патша мен оның нөкерлерiнiң келе жатқанын көрген бойда патшаның алдынан шығып, жерге дейiн иiлiп тағзым еттi.


21— Патша ием өзiнiң қызметшiсiне неге келдi екенұ — деп сұрады ол. Дәуiт:

— Сенiң қырманыңды сатып алуға келдiм! Халықты қырып жатқан пәленi тоқтату үшiн осы жерде Жаратқан Иеге бағыштап құрбандық ұсынатын орын жасамақпын, — деп жауап қайтарды.

22Орна:

— Патша ием қалағандарын сый-тарту ретiнде деп қолдана берсiн. Мiне, өгiздер құрбандыққа шалынып, өртелсiн, астық басқыш құрал мен өгiздердiң мойынтұрығы отын ретiнде пайдаланылсын.

23Тақсыр ием, мұның барлығын да патшама сыйлаймын, — дедi. Орна сөзiн аяқтап: — Құдай Иеңiз құрбандығыңызды қабылдап, сiзге оң көзiмен қарай көрсiн! — деп iзгi тiлек бiлдiрдi.

24Алайда патша Орнаға:

— Жоқ, жердi құнын төлеп сатып аламын! Мен тегiн алғанды Құдай Иеме бағыштап құрбандыққа шалып ұсынбаймын, — деп қарсылық бiлдiрдi.

Сонымен Дәуiт қырман мен өгiздердi елу мысқал күмiске сатып алды.


25Сол жерде ол Жаратқан Иеге арнап құрбандық орнын тұрғызып, малдарды шалып, өртеп жiбердi. Ризашылық құрбандықтарын да ұсынды. Жаратқан Ие ел үшiн жасалған мiнажаттарды рақыммен қабылдады. Сонымен Исраилдi жайлаған пәле тоқталды.